Наурызды тамақтан уланусыз қалай қарсы алу керек

Наурызды тамақтан уланусыз қалай қарсы алу керек

Көктемнің келуімен барлық адамдар Наурыз мерекесін асыға күтеді. Дәстүрлі түрде көптеген отбасыларда үстелді: көже, бал қаймақ, ет тағамдары сияқты көптеген ұлттық тағамдардан бастап салат, тіске басарлар, кремі бар кондитерлік өнімдерге дейін тағамның ассортиментін әртүрлі етіп  дайындауға тырысады.

Алайда егер гигиена талаптарын сақтамасаңыз, мерекелік дастарқан тамақтан уланумен бұзылуы мүмкін.

Осыған байланысты, Наурыз мейрамын тойлау және осы мерекеге байланысты демалыс күндері кезінде мынадай қағидаларды сақтауды ұсынамыз.

 Мерекелік үстелге тағамдарды дайындау кезінде оларды сақтау және тұтыну мерзімдерін сақтаңыз, шикі және дайын тағамдардың бірге сақталуына жол бермеңіз, ал олардың сапасыздығына қандай да бір күдік пайда болса, өнімдерді, әсіресе алдыңғы дастарқаннан қалған тағамдарды қолданудан алып тастау керек.

Құс етінен дайындалған, жұмыртқа қосылған тағамдар, майонез бен  қаймақ қосылған салаттар, кремі бар кондитерлік өнімдер (торттар, бәліштер) ерекше қауіп төндіреді.

Әдетте мереке күндері қоғамдық тамақтану және сауда объектілері аспаздық және кремі бар кондитерлік өнімдерді үлкен мөлшерде дайындайды. Осы күндері сақтау және сату мерзімі қысқа түрлі салаттар, ет және балықтан дайындалған тіске басарлар, ет сілікпелері, құйма еттер, тауық етінен жасалған тағамдар және басқалары көп сұранысқа ие болады.

Осыған байланысты, тамақ өнімінің қауіпсіздігін және сапасын растайтын құжаттардың болуына, оларды сату және сақтау жағдайларына назар аудару қажет.

Сондай-ақ мейрамханалар және дәмханалар басшыларының назарын Наурыз мейрамы күндері тамақтан уланудың алдын алу мәселелеріне аударамыз.

Персонал жеке гигиена ережелерін, ас блогында тазалықты сақтауы тиіс. Тамақ өнімдерін термиялық өңдеу, сондай-ақ көкөністер мен жемістерді мұқият жуу қажет. Шикі және дайын өнімдерге арналған бөлшектеу мүкәммалын мақсаты бойынша пайдалануды, тағамдар дайындауға бүлінбеген сапалы өнімдерді қолдануды,  шикі өнімдерді дайын өнімдерден бөлек сақтауды ұсынамыз.

Тағамдарды алдын ала дайындамауды және сс-шара басталғанға дейін үстелді жасамауды және оларды қажетті температуралық режимді ұстай отырып, сақтауды ұсынамыз. Дайын өнімдердің сақтау мерзімдерінің бұзылуына жол бермеңіз!