БАҚ ҮШІН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНТТІК ЗЕРТХАНАҒА КЕЛУ ТУРАЛЫ АНОНС-ШАҚЫРУ

БАҚ ҮШІН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНТТІК ЗЕРТХАНАҒА КЕЛУ ТУРАЛЫ АНОНС-ШАҚЫРУ

ҚҰРМЕТТІ БАҚ ӨКІЛДЕРІ!

2018 ж. 23 мамырда Алматы қаласындағы Орталық референттік зертханада ашық есік күні өтеді. Бұл күні сіздер үшін зертхананың ғимараты бойынша шолу экскурсиясы ұйымдастырылады, ол жерде мамандар зертхананың жұмысымен егжей-тегжейлі таныстырады және оның мақсаттары, міндеттері мен перспективалары туралы әңгімелейді.

ОРЗ қорғаудың үшінші деңгейлі озық деп танылған халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. ОРЗ негізгі миссиясы эпидемиологиялық және эпизоотологиялық мониторинг жүйесінде мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асырудың диагностикалық және зерттеу мүмкіндіктерін күшейту болып табылады.

Іс-шара Қазақстан Республикасы таратпау және қарусыздану саласында қабылдаған міндеттемелерді іске асыру барысымен таныстыру мақсатында өткізіледі.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу орталығы және Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.

Сондай-ақ, БАҚ-қа арналған брифинг өтеді, онда ОРЗ жұмысына қатысты барлық қызықтыратын сұрақтарды қоюға мүмкіндік болады. Соның ішінде, іс-шара қатысушыларымен сұхбаттасуға мүмкіндік беріледі.

Аккредиттеу алу үшін а.ж. 18 мамыр сағат 17.00-ге дейін журналистер мен операторлардың мағлұматтарын, жеке куәлігінің сканерленген көшірмесін, аудио-, бейнетехника туралы деректерді koozmzrk@gmail.com электрондық мекен-жайына жолдау қажет.

Қосымша сұрақтар бойынша 8-701-356-34-85 (Анара) телефоны арқылы хабарласуға болады.

Өткізу орны: Алматы қ., Капальская көш., 14, Орталық референс-зертханасы.

Күні мен уақыты: 2018 жылғы 23 мамыр, басталуы сағат 09.00.