
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті менингококтық жұқпаның эпидемиологиялық жағдайы туралы келесіні хабарлайды. 21 мамыр жағдайы бойынша инфекциялық стационарларға (ересектерге және балаларға арналған) менингококктық жұқпаға күдікті 47 ауру, оның ішінде 8 бала қаралған. Бүгінгі күні 15 зертханалық жолмен, 3 клиникалық белгілермен анықталған жағдайлар тіркелген.
Ауырғандар ішінде 3 өлім-жітім жағдайы тіркелген, оның ішінде екеуі ересектер арасында және біреуі бақшаға баратын 5 жастағы бала.
21 мамыр жағдайында 715 қарым-қатынаста болғандар анықталып, оның ішінде 613 адам тексеріліп, 1 менингококктық жұқпаны тасмалдаушы табылған. Қалған зертханалық тексерудің қорытындысы жұмыс үстінде.
Менингококтық жұқпаға жүргізілген талдау бойынша: нақты диагнозбен 2010 жылы 28 жағдай, 2011 ж.- 44 ж., 2012 ж.-23 ж., 2013 ж.-49 ж., 2014 ж.-36 ж., 2015 ж.-66 ж., 2016 ж.-16 ж. тіркелген. Ауру 2017 жылы тіркелмеген. Ең жоғарғы ауру жағдайы 2013 және 2015 жылдары тіркелген. Кейінгі 10 жыл ішінде қарым-қатынаста болғандарға зертханалақ зерттеу жүргізу нәтижесінде 31 инфекцияны тасымалдаушы, соның ішінде 2015 жылы – 17 адам табылған.
Бүгінгі күні жұқпаны тұрақтандару мақсатында Алматы қаласы мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің «Менингококктық жұқпа бойынша санитарлық-індетке қарсы және санитарлық-алдын алу шараларын ұйымдастыру және бақылау» және «Менингококктық жұқпаны тұрақтандару үшін шектеу шараларын енгізу» туралы 2 қаулысы шығарылды. Қаулыда мектепке дейінгі ұйымдарда және мектептерде, жоғарғы және орта оқу орындарында мәдени-жалпы және спорттық шараларға қатысуына шектеу қоюды ұйымдастыру және күшейту туралы шаралар көрсетілген.
Менингококтық жұқпа бактериямен туындайтын жіті жұқпалы ауру, симптомдары білінбейтін менингококк тасымалдаушыдан назофарингит (мұрын мен тамақтың шырышты қабатының қабынуы), менингит (ми қабаттарының қабынуы) және менинококтық сепсиске дейін клиникалық белгілерінің әр алуандылығымен сипатталады. Жұқпа көзі – ауру адамдар және «дені сау тасымалдаушылар». Менингококктық жұқпаға мерзімдік тіркелу тән – аурудың көбі қыс және ерте көктем айларында тіркеледі.
Жұқпа ауа-тамшылары арқылы (жөтелгенде, түшкіргенде, бір-бірімен әңгімелескенде) беріледі. Қоздырғыштар сау адамның тыныс жолдарының шырышты қабатына ауру адаммен тығыз қарым-қатынаста болған кезде енеді. Ауруды жұқтырғаннан ауру белгілерінің пайда болуы мерзімі 1 күннен 10 күнге дейін созылады. Ауру адамның сыртқы ортаға бірінші күннен жұқтыру қауптілігі жоғары.
Жұқпамен көпшілігіде иммундық жүйесі толық қалыптаспағандықтан 5 жастан кіші балалар және көп уақыттарын түнгі клубтарда өткізетін жасөспірімдер ауырады (адамдар көп жиналғаннан, темекі шегу, ортақ сусынар ішу және т.б.).
Менингитке тән белгі - күтпеген жерден басталуы: кенеттен қатты бас ауру, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпе, дене қызуы 39-40°С көтерілу, қалтырау, терісі бозарады. Жалпы әлсіздік, арқасында және аяқ-қолдарында ауырсыну байқалады. Аурулар шөлдеп, тәбеті төмендейді. Ауру жеңіл түрде тұмау, баспа, мұрын біту, тонзилит және т.б. сияқты аурулар секілді басталып, ауыр түрде дамуы мүмкін. Суық тигенде, шаршағанда, ауырғанда қорғаныш күштерінің әлсіреуінен туындаған қолайлы жағдай себебінен менингококк бас ми қабаттарына өтіп, қабыну тудырады.
Барлық ауырғандар жұқпалы ауруханаларға жатқызылады. Ауырғандармен қарым-қатынаста болғандар менингококтық жұқпаны тасмалдаушылыққа зертханалық жолмен тексеріліп, оларға профилактикалық антибиотикамен ем тағайындалады. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі мамандарымен және қалалық емхана медициналық қызметкерлерімен халық арасында менингококтық жұқпаны алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мектепке дейінгі ұйымдарда ауыз су режимі сақталады, барлық мектептерде диспенсерлер орнатылған. Балалардың жеке бас гигиенасын сақтау үшін жуу құралдарының қоры жеткілікті мөлшерде. Санитарлық-гигиеналық, соның ішінде дезинфекциялық, ауыз су, тамақтану режимі, бөлмелерді желдету, шомылу нормаларының сақталуы әрдайым бақылауда.
Аурудың алдын алу шаралары:
аурудың ең алғашқы қабыну белгілері (тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) пайда болысымен инфекциялық стационарлардың қабылдау бөлімдеріне немесе жақын жердегі медициналық ұйымға қаралу қажет;
мәдени-жалпы және спорттық шараларға, жүзу бассейндеріне, сауда-ойын сауық орталықтарының ойын алаңдарына қатысуды шектеу;
жеке бас гигиенасын сақтау, әжетханадан кейін және тамақ ішу алдында қолды сабынмен мұқият түрде жуу;
сусындарын, тамақтарын, балмұздақтарын, кәмпиттерін, шәйірлерін бір-біріне бермеу. Ұйымдасқан ұйымдарда жиі желдету, күн сайын сулы тазалау жұмыстарын жүргізу;
адам көп жиналатын жерлерге (ойын-сауық шаралары) баруды шектеу.
Ауруды емдеуден оның алдын алу әрқашан жеңіл екенін есте ұстаған жөн!