
2018 жылғы 23 мамырда Алматы қаласы Орталық референттік зертханасында дипломатиялық корпус пен бұқаралық ақпарат құралы өкілдері үшін ашық есік күні өтті.
Шара Қазақстан республикасының таратпау және қарусыздандыру облысындағы қабылданған міндеттемелерді жүзеге асырумен таныстыру мақсатында өтті. «Орталық референттік зертхана, оның мақсаттары, міндеттері және келешектері туралы» тақырыбына таныстырылым көрсетілді, сонымен қатар, Орталық референттік зертхана бойынша шолу экскурсиясы ұйымдастырылды.
ОРЗ халықаралық көпшілікке белгілі алдыңғы қатарлы үшінші деңгейдегі қорғаныстағы ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Оның негізгі міндеті эпидемиологиялық және эпизоотологиялық бақылаудағы мемлекеттік саясатты дайындау және жүзеге асырудағы диагностикалық және зерттеу мүмкіншіліктерін нығайту болып табылады. Сондай-ақ ОРЗ биоқауіпсіздік облысындағы қатерге шұғыл жауап беруге және аса қауіпті инфекциялар өршуіне жауап беруде Қазақстанның мүмкіншілігін нығайтуға септігін тигізеді.
ОРЗ-да биоқауіпсіздік саласында бірлескен негізгі және қолданбалы зерттеулер, ынтымақтастық бойынша жергілікті, аймақтық жәе халықаралық жобалардың болуы, денсаулық сақтау мен ветеринария ұлттық жүйесі шегінде жобалар жүзеге асады.
ОРЗ –сын ағымдағы эпидемиологиялық-эпизоотологиялық бақылау жүйесіне біріктіру эпидемиологияық қадағалау, патогендерді анықтау және сәйкестендіру, сонымен қатар биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында Қазақстанның диагностикалық зертханалары ұлттық жүйесінің потенциалық кеңейтті.
Белгілі болғандай, жаппай жою қаруының қатерін ескеру барысында биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері тым өзекті. Нақ сондықтан, Қазақстан, ең басынан ҚР ұлттық биоқауіпсіздігінің бас басымдығының бірі болып табылатын ядролық, химиялық және бактериологиялық қаруды тарату қатеріне қарсы әрекетті көрсетті.
Осылайша, осы шараны жүргізу биологиялық қауіпсіздік саласында Қазақстан Республикасының ашық саясатының куәсі болып табылады.