ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлайды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлайды

Этиологиясы (туындау себептері) бойынша  менингиттер серозды және іріңді болып бөлінеді. Менингококтық менингит іріңді менингиттерге жатады, оның қоздырғыштар бактериялар (менингококк) болып табылады.

Серозды менингиттердің қоздырғыштары энтеровирустар болып табылады. Вирусты серозды менингиттер менингококктық менингиттен жеңіл ағымда өту арқылы ерекшеленеді. Олардан асқынулар мен өлім жағдайлары өте сирек болады.

Алматы қаласында 2018 жылғы 22 сәуірден бастап 28 мамыр аралығында менингококк инфекциясының расталған 29 жағдайы тіркелген, оның ішінде 4-уі өліммен аяқталған.

Алматы қаласында қалыптасқан жағдайға байланысты ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері – ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының Алматы қаласына сапары жүзеге асырылды, жүргізілген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларға бағалау, балалар және ересектердің инфекциялық аурулар ауруханасын аралау жүргізілді.

Қорытындысы денсаулық сақтау басқармасы, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшыларының, жетекші педиатр ғалымдар, иммунологтар, медицина университетінің кафедра басшыларының, практикалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің қатысуымен қаралды,  Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасына мынадай:

- тәуекел тобындағы адамдарға (тыныс алу ағзалары ауруларымен жиі ауыратын балаларды, тәулік бойы болатын ұйымдардың персоналы және балаларын) вакцинациялау жүргізу және менингококк инфекциясына қарсы вакцинациялау жүргізетін ақылы егу кабинеттері туралы халықты хабардар ету ұсынылды;  

- жедел медициналық көмек көліктерін менингитке қарсы жинақтармен жабдықтау бойынша тапсырмалар берілді.   

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен практикалық көмек көрсету үшін   тәжірибелі мамандар (эпидемиологтар мен бактериологтар) және ауруларды бақылау жөніндегі америкалық орталықтың (СиДиСи) эпидемиологтары жіберілді.

Қасиетті Рамазан айында халықтың мешітке көп баратынын, онда халықтың шоғырлануы жоққа шығарылмайтынын ескере отырып, Қазақстан мұсылмандарының діни бірлестігі мен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетімен жұмыс жүргізілді және намаз оқу үшін қолайлы жағдайлар туғызу (республиканың барлық мешіттерінің үй-жайларында тұрақты желдету және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып ылғалды тазалау) және келушілерді аурудың бірінші симптомдары пайда болған кезде дәрігерге жүгіну қажеттілігі және оның ұсынымдарын ұстану туралы ақпараттандыру тапсырылды.

Алматы қаласында менингококкты инфекция бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін мынадай шаралар қабылданды:

- барлық мүдделі ведомстволардың қатысуымен қалалық штабтың жұмысы ұйымдастырылды, профилактикалық және эпидемияға қарсы кешенді іс-шаралар жоспары әзірленді, ошақтарда 2160 байланыста болған адамдар анықталды, барлығы  зертханалық тексеруден өтті, медициналық бақылауда,  назофарингитпен жүгінген  және байланыста болған адамдарға антибиотикотерапия жүргізілуде, бұл менингококк инфекциясының алдын алудың негізгі шарасы болып табылады.

- мектепке дейінгі балалар мекемелерінде көпшілік іс-шаралары және қалада спорттық-бұқаралық іс-шаралар жүргізуге шектеу қойылды;

- мектептерде соңғы қоңырау медицина қызметкерлерінің бақылауымен өткізілді, ол сондай-ақ білім беру ұйымдарында мектеп бітіру кешін өткізу кезеңінде де жүзеге асырылатын болады.

- эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін сенбі және жексенбі күндері емханалардың жұмысы ұйымдастырылды.

Тұрғындар арасында санитариялық-ағарту жұмысы, оның ішінде ірі сауда орталықтарында, супермаркеттерде, білім беру объектілерінде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы  жалғасуда.

Жағдай бақылауда тұр.