
Жақында қыркүйек айы. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Жандарбек Бекшин білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығының қандай болуы қажет екенін айтты және мектептердің және басқа да мүдделі ведомстволар басшыларының назарын білім беру ұйымдарын дайындау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу бойынша жұмысты уақтылы ұйымдастыруға аударды.
Республикада жаңа оқу жылында 7051 жалпы білім беру мектебіне және 255 интернат ұйымына оқушылар қабылдау жоспарлануда. Бүгінгі күні олардың ішінде 45 мектеп апаттық жағдайда (ОҚО-да - 13, Жамбыл облысында - 9, Атырау облысында - 8, ШҚО-да - 5, Ақтөбе облысында - 4, Қызылорда облысында - 2, Алматы облысында - 1, Қарағанды облысында - 2, БҚО-да - 1). Өткен оқу жылында тендердің кеш өткізілуі және уақтылы қаржыландырылмау салдарынан жаңа оқу жылы басталғанша 119 мектепте жөндеу мерзімінде аяқталған жоқ.
«Оқу жылы ішінде проблемалар болмауы үшін жаңа оқу маусымына дайындық бойынша міндеттерді алдын ала шұғыл және сапалы орындау қажет. Біздің негізгі міндетіміз балалардың денсаулығын сақтауға, аурулардың алдын алуға, ағымдағы медициналық қызмет көрсетуге, оқу процесі мен тамақтану режимін сақтауға бағытталған», - деді Бекшин.
Биылғы жылғы шілдеден бастап Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп білім беру мекемелерінің оқу жылының басталуына дайындығын бағалау бойынша жұмысты бастады. Олар:
- орналастыру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес мектептер ғимараттары мен үй-жайларының жағдайы мен күтіп-ұсталуын;
- ас блоктары, медициналық кабинеттерде қажетті жабдықтардың болуын және олармен жабдықталуын;
- қажетті үй-жайлар жиынының, оның ішінде оқу кабинеттерінің, дене шынықтыру залының, спорт алаңдарының болуын және олардың тиісті мүкәммалмен жабдықталуын;
- оқу үй-жайларының қажетті жиһазбен жабдықталуын;
- физиологиялық толық қанды тамақтанудың ұйымдастырылуын тексеруде.
«Санитариялық нормалардың сақталуына және мектепте тиімді гигиеналық жағдайларды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Олардың бұзылуы мектепте болып жатқан жағдайдың барлығынан: оқу процесінде, балаларды оқыту, сақтау және нығайтуда көрінеді»,- деп атап өтті Бекшин.
Еліміздің 106 мектебінде үш ауысымдық оқыту мәселесі өткір тұр: Алматы облысында - 49, ОҚО-да - 14, Ақтөбе облысында - 16, Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау облысында - 5, Атырау, Қарағанды облысында - 4 және Астана қ. - 3, ШҚО-да - 1. Шамадан тыс тығыздалу салдарынан балалардың білім алуының және болуының санитариялық-гигиеналық жағдайлары нашарлауда. Мектептердің санитариялық-гигиеналық жағдайы тазалық сақтауды, барлық үй-жайларды жүйелі және дұрыс жинауды, дезинфекциялауды және т.б. қамтиды. Баланың дұрыс және қолайлы орнына ықпал ететін, оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, оның ішінде отырған қалпындағы жағдайына сәйкес келетін мектеп жиһазына қойылатын талаптар маңызды болып табылады.
Сондай-ақ оқу сыныптарының жарықтандырылуына назар аудару керек. Жұмыс орны жеткілікті және дұрыс жарықтандырылмаған жағдайда өтетін оқу жұмысы көздің көруін нашарлатуға, жұмыс қабілетінің төмендеуіне, жүйке-психикалық шиеленістің артуына, білім алушылардың шаршағыштығына алып келеді.
Қабырғалар, төбелер мен мектеп жабдығын бояйтын реңктерді таңдау кезінде мектеп үй-жайларының білім алушылардың назарын аудартатын дұрыс қалыптастырылған түс гаммасының тек эстетикалық мәнін ғана емес, сонымен бірге оқушылардың эмоциялық жағдайына, олардың жұмыс қабілетіне және көңіл-күйіне да ықпал ететінін ескеру керек.
Сонымен қатар, жұмыс үй-жайларындағы ауа температурасы және басқа да сипаттамалар көбіне адамның психикалық-физиологиялық жай-күйін, денсаулығының нашарлау қаупін де айқындайды. Сабақ барысында сыныптағы температура 3-4°-қа артуы мүмкін, бұл өткізу жағдайларының нашарлатады, сондықтан әр үзілісте оқытушы ауа температурасын термометрмен бақылап, балалар жоқ кезінде сынып бөлмесін қарқынды желдетуі қажет. Оқушылардың жылу ыңғайлылығы оқу бөлмелеріндегі ауа температурасы +18-20°С болғанда қамтамасыз етіледі. Мектептердің жылыту маусымына дайындығы мәселесі ерекше назар аударуды қажет етеді.
«Сондықтан мектептерді жаңа оқу жылына дайындау кезінде мектеп басшыларына ұсынымдарды назарға алуды және мамандардың барлық нұсқамаларын толық орындауды сұраймыз»,- деді Жандарбек Бекшин.
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінде мектептердің оқу жылына дайындығы кезінде 8/7172/74-18-64 телефоны бойынша қауырт желі жұмыс істейтінін, оған мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы сәйкес болмағанда (авариялық жағдайда болса), сондай-ақ санитариялық-техникалық, гигиеналық жағдайының, тамақтандыруды ұйымдастыру және білім беру процесі сапасының бұзылу фактілері анықталған жағдайда ауызша немесе жазбаша шағымданып, жүгінуге болатынын ескертеміз.