ЖАЗДА ТЕК ҚЫС ҚАМЫН ҒАНА ЕМЕС, ОҚУШЫНЫ САБАҚҚА ДАЙЫНДАУДЫ ДА ОЙЛАНАМЫЗ

ЖАЗДА ТЕК ҚЫС ҚАМЫН ҒАНА ЕМЕС, ОҚУШЫНЫ САБАҚҚА ДАЙЫНДАУДЫ ДА ОЙЛАНАМЫЗ

Дұрыс таңдалған мектеп формасы баланың денсауығы мен жақсы көңіл-күйінің басты шарттарының бірі болып табылады. Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин мектеп формасы мен сөмкелерін таңдауға байланысты ұсынымдармен  бөлісті.

Бірінші кезекте мектеп формасы баланың денсаулығы үшін қауіпсіз болып табылатын гигеналық талаптарға жауап беруі тиіс.

Ата-аналар киімді сатып алу кезінде бала осы киімді 5-6 сағат және одан да астам уақыт  бойы киетініне және бірінші кезекте форманың тігілген материалының сапасына назар аударуы керек.  Құрамында синтетикасы аз матаны таңдаған дұрыс. Күнделікті кию үшін синтетикалық материалдан тігілген форма сәйкес келмейді, себебі синтетикалық талшықтардан ауа өтпейді. Одан басқа, синтетикалық талшық аллергия тудыруы мүмкін.

«Бірақ синтетикадан толық бас тартуға болмайды, себебі синтетикалық талшық киімнің пішінін «сақтайды», киіс береді» - деп түсіндірді Бекшин.

Форма тігілетін мата баланың денесі демалатындай және аллергияның алдын алу үшін гигиеналық қасиетке ие табиғи материалдардан (тоқыма, мақта, жібек) және вискозадан болғаны дұрыс. Матаның  құрамы мынаны қамтуы тиіс:

- киімнің сыртқы қабаты табиғи талшықтың немесе вискозаның кемінде 35 %-ы;

- ішкі қабат ретіндегі астары табиғи талшықтың немесе вискозаның кемінде 100 %-ы;

- кофталар мен ер бала көйлектері табиғи талшықтың немесе вискозаның кемінде 65 %-нан тұруы тиіс.

Сондай-ақ киімді таңдау  кезінде оның өлшемін дұрыс таңдау маңызды. Мектеп формасын таңдай отырып, ата-аналар (отыру және жүру кезінде) киімнің ыңғайлылығына және баланың денсаулығын және оның белсенді дене қозғалысын сақтауға назар аударуы тиіс.

«Аяқ киімді таңдау кезінде кемшіліктеріне көп мән бермей, оның сыртқы түріне назар аударамыз. Аяқ киімді дұрыс таңдамау балалар мен жасөспірімдерді айтпағанда ересек адамның да табан сүйегін өзгертуі мүмкін. Ата-аналардың тағы бір қателігі – баяғы әдетпен, балаларына аяқ киімді екі-үш өлшем үлкен болатын өскелең жасқа сатып алуы.  Қазір таңдау көп, сондықтан, баланың табан сүйегін бұзбау үшін және баланың көп сүрініп аяқ киімді тез тоздырмауы үшін аяқ киімді баланың өз өлшемі бойынша сатып алған дұрыс» - деп атап айтты Бекшин.

 Табиғи материалдардан тігілген аяқ киімді сатып алуға тырысыңыз, синтетикадан тігілген ботинкалар мен туфлилерді кигенде баланың аяғы терлейді. Егер спорт аяқ киімінің құрамында синтетикалық материал болса, онда арнайы жел соғатын торлары болуы керек.  Табаны қозғалыс үшін тегіс болуы тиіс. Сонымен қатар, мектеп формасының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ететін мынадай өлшемшарттарды ескеру керек: ауа өткізгіштік, электр өрісінің кернеулігі және бояуының төзімділігі.

Түсін таңдау кезінде көбінесе баланың оқитын мектебінің жалпы ережесіне сүйену керек.

«Киімге және аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптарды сақтау білім беру ұйымдарының үй-жайларында болу кезінде баланың ыңғайлылығын қамтамасыз ететінін білесіздер» -деді еліміздің бас санитариялық дәрігері.