ОҚУШЫНЫҢ ДҰРЫС КҮН ТӘРТІБІ МЕН ДҰРЫС ТАМАҚТАНУЫ - ОҚУ ҮЛГЕРІМІНІҢ КЕПІЛІ

ОҚУШЫНЫҢ ДҰРЫС КҮН ТӘРТІБІ МЕН ДҰРЫС ТАМАҚТАНУЫ - ОҚУ ҮЛГЕРІМІНІҢ КЕПІЛІ

Күн режимі – бұл сауықтыру мен тәрбиенің зор маңызы бар демалыс пен іс-қимыл түрінің ұтымды кезектілігі.

Дұрыс ұйымдастырылған күн режимі организм мен ортаның физиологиялық тепе-теңдігін белгілеуге мүмкіндік береді, соның негізінде оқыту және тәрбиелеу жүзеге асырылады, себебі ол баланың өмір сүру жағдайын, өсу, даму ерекшеліктерін жан-жақты есепке алуға негізделген.

Режим деген ұғымға іс-қимылдың, демалудың және тамақ ішудің барлық түрлерін тәулік бойы ұйымдастыру және бөлу кіреді. Кез келген бұзушылық баланың денсаулығына, яғни көңіл-күйіне, сабақ үлгеріміне әсер етеді.

Күн режимін сақтау оқушының күнделікті өмірінде маңызды рөл атқарады. Режим тәртіпке тәрбиелейді, жинақы болуға көмектеседі. Әсіресе, бұл бірінші сынып оқушыларына өте маңызды, себебі оқушыны өмірдің жаңа ырғағына үйренуге және демалыс пен сабақты дұрыс үйлестіруге көмектеседі.

Егер, баланың қатты шаршайтыны, күннің соңында әлсіз және күйгелек болатыны, үлгерімі нашарлағаны байқалған болса, оның күн режимін дұрыс ұйымдастыруға тырысыңыз.

Оқушының денсаулығына ұйқы, тамақтану және қозғалыс белсенділігі әсер етеді. Баланың жас ерекшелігіне қарай ұйқысы қануы керек. Оқушыларға емтихан алдында, бақылау жұмысының алдында және басқа да ақыл-ой жүктемесі кезінде әдеттегі ұйқы уақытын (кемінде 1 сағатқа) ұзарту көзделген. 2-2,5 сағатқа ерте оянып ұйқысы қанбайтын балалардың сабақтардағы еңбек белсенділігінің деңгейі 30%-ға төмендейді.

Оқушылар үшін түнгі ұйқының шамаланған нормасы:

1-4-сыныптарда – 10-10,5 сағат. 4-7-сыныптарда – 9,5-10 сағат. 8-9-сыныптарда – 9-9,5 сағат. 10-11-сыныптарда – 8-9-сағат. Бірінші сынып оқушыларына 2 сағатқа созылатын күндізгі ұйқыны ұйымдастыру ұсынылады.

Баланың дене қозғалысы белсенділігіне және оның таза ауада серуендеуіне аса назар аудару керек. Серуендеу, қозғалыс ойынының және дене қозғалысы белсенділігінің басқа да түрлерінің ұзақтығы кіші жастағы балаларда кемінде 3-3,5 сағатты және жоғары сынып оқушыларында 2,5 сағатты құрауы тиіс.

Баланың дұрыс өсуі мен дамуына дұрыс тамақтану да маңызды рөл атқарады. Дұрыс тамақтану баланың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болуға тиіс. Сапалы тамақтанатын балалардың үлгерімі жақсы болады, ал организмде қоректік заттардың жеткіліксіздігі баланың сабаққа ынтасын төмендетеді.

«Бос» калорияға бай фаст-фудтарға және басқа да өнімдерге қарағанда теңдестірілген ыстық тамақ баланың өсіп келе жатқан организміне көп пайдалы. Мектеп оқушылары салауатты өмір салтының негізгі қағидаттарын білуі және қабылдауы тиіс, оған мұғалімдер мен ата-аналар бірлесіп атсалысуы керек. Ыстық тамақ ішетін оқушы оқу материалын жақсы игереді және сабақ аяқталғанша сергек болады, аз шаршайды. «Мектеп асханаларында толыққанды ыстық тамақты чипсымен, кептірілген нанмен, шоколадпен алмастыру балаларымыздың денсаулығына зиян келтіреді» - деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тамақ өнеркәсібінің бизнесі тағамдық тәуелділік тудыратын, никотинмен туыстас үш негізгі ингредиент: май, қант, тұзды пайдаланудан тұрады. Осындай өнімді қайта қайта жегің келе береді, бұл сатып алушыларды осындай дұрыс емес өнімді тұрақты сатып алуға мәжбүрлейді.

Сондықтан, мектеп оқушысының тамақ рационы теңдестірілген, әртүрлі және бала организмінің энергетикалық қажеттілігін қанағаттандыруы тиіс. Себебі әрбір баланың дұрыс өсуі мен дамуы үшін баланың организмі белгілі бір тәуліктік өнім жиынын алуы тиіс, тәуліктік өнім жиынына мыналар енгізілуі тиіс: сүт және сүт қышқылы өнімі, сүзбе, ірімшік, ет, балық, жұмыртқа, жарма және макарон өнімі, өсімдік және малдың майы, көкөністер, жаңа піскен жемістер, табиғи шырын, нан және нан-бөлке өнімі, жаңғақ, құрғақ жемістер, бал, өсімдік майы.

Мектеп оқушылары үшін ас мәзірін құру кезінде баланың дамуы, өсуі, эмоциональдық немесе физикалық жүктеменің жоғары болуы үшін бала организмінің қажеттілігі ескерілуі тиіс, сол күнгі және апта бойғы тамақтың әртүрлілігі, оның биологиялық құныдылығы, үйлесу мүмкіндігі, массасы және көлемі қамтамасыз етілуі тиіс. Тұрақты тамақтанбау денсаулықтың ғана емес сонымен қатар психологиялық тұрғыдан бұзылуға алып келуі мүмкін.

«Уақытымен тамақтанбайтын балаларда тынышсыздық, тез шаршау деңгейі жоғары болатыны байқалады» - деді Бекшин.

Мектеп бітіру және емтихан тапсыру кезінде оқушылардың тамақтану режиміне ерекше көңіл бөлу қажетілігін естен шығармау керек. Тамақ өнімінің ассортименті бұл кезеңде ерекше болуы және бір тамақ түрі қайланбауы тиіс.

Шамадан тыс тамақтанған жағдайда, негізгі тамақтану мен аралық тамақтанудың арасында қосымша жеміс-жидектер қосылады. Мәдени тамақтануды қалыптастыру – бұл ата-ана мен мұғалімдердің бірлесіп атқаратын іс-қимылы.

Егер бала мектеп асханасында тамақ ішпесе немесе тамақ ішкісі келмесе не істеу керек? Бір ғана жол бар: баланың тамақты өзімен бірге алып келуі. Үйде дайындалған екінші таңғы ас және түскі ас теңдестірілген және дәмді болуы тиіс. Бұл ретте, бутерброд түріндегі «құрғақ тамақ» болмағаны дұрыс. Мектепке беріп жіберетін тамақтың құрамында белог (балық немесе ет), жарма, жаңа піскен жеміс-жидектер, сондай-ақ сүт және сүт қышқылы өнімдері болуы тиіс.

«Тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылау және қадағалау ерекше тәртіп және жоспардан тыс тексерулер бойынша, сондай-ақ халықтың және мектеп персоналының арасында түсіндіру жұмысын жүргізе отырып жүзеге асырылады. Ерекше тәртіп бойынша мектептің ас блоктары жылына 2 рет жүргізіледі. Жалпы білім беретін мектептерде оқитын тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды қайта қарау кезінде қызметтердің өнім берушісін таңдау бойынша конкурстың ұйымдастырушы болып ұйымның басшысы айқындалған; сондай-ақ ата-аналар комитетінің өкілдерінің, мектеп әкімшісінің, медицина қызметкерінің және басқа да тұлғалардың қатысуымен тамақтың сапасын монниторингілеу жөніндегі комиссия құрылады. Бүгінгі күні әрбір кәсіпкер объектіде өндірістік бақылау жүргізу мүмкіндігіне ие, ол кәсіпкерге бұзушылықтың туындау тәуекелін төмендетеді» - деді Бекшин.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінде жаңа оқу жылына мектептің дайындығы мен жұмысы кезеңінде 8 /7172/ 74-18-64 телефоны бойынша жедел желі жұмыс істейді. Жедел желі арқылы мектептің жаңа оқу жылына дайындығының сәйкес келмейтін фактілері (апаттық жағдайы), сондай-ақ мектептің санитариялық-техникалық, гигиеналық талаптарының бұзылуы, тамақтануды және білім беру процесін ұйымдастыру сапасының бұзылуы анықталған кезде ауызша немесе жазбаша шағыммен жүгінуге болады.