
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қырғызстан Республикасының 2 сүт өнімі өндірушісіне қатысты әкелуге және өткізуге уақытша шектеуді алып тастады.
Қырғыстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуі, сары май өндіретін «Ак Сут» сүт өндіру кәсіпорнына және балмұздақ өндіретін «Умут и Ко» ЖШҚ-ға қатысты бақылауды күшейтуі, сондай-ақ Кеден одағының «Сүт өнімдерінің қауіпсіздігі» (ТР 033/2013) және «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімі» (КО ТР 022/2011) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігіне жүргізілген өнімді бақылау зертханалық зерттеу нәтижелері уақытша шектеуді алып тастауға негіз болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген өндірушіге қатысты бұрын анықталған сәйкес келмейтін өнімнің 10 партиясын 3 ай бойы күшейтілген зертханалық бақылау жүргізілуде.
Сондай-ақ, консультациялық көмек көрсету мақсатында Комитеттің мамандары аталған кәсіпорындардың өнімінің өндіру, тасымалдау, өткізу, сәйкестікті растау рәсімдерінен өту кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі.
Одан әрі, осы өнімді бақылау өткізу сатысында өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде жалғасатын болады.