
Күйдіргі ауруы – бұл дененің сыртқы қабатын (карбункул) зақымдаумен, сондай-ақ инфекциялық процесстің (сепсис) шоғырлануымен сипатталатын аса қауіпті инфекция. Уақтылы медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда күйдіргі ауруы өліммен аяқталуы мүмкін.
Инфекцияның негізгі көзі және резервуары шөппен қоректенетін жануар болып табылады.
Аурудың негізгі себептері инфекция жұқтырған малды сою және еттін бөлшектеу, үй жануарларын вакцинациялаудың болмауы, ветеринариялық тексеріп-қараусыз малды сою болып табылады.
Күйдіргі ауруы:
- ауру малды бағу, оны сою, етін бөлшектеу, етті аспаздық өңдеу, жануардың шикізатымен жұмыс кезінде сілемейлі қабықтардың микрожарақаты, зақымдалған тері қабаты арқылы организмге қоздырғыш енген кездегі қарым-қатынас жолымен;
- малдың жүнінен, терісінен бұйымдар өндіру кезінде;
- мал шаруашылығының шикізатымен жұмыс кезінде – ауа-шаң ақылы;
- термиялық өңдеуден өтпеген ауру малдардың етін тамаққа пайдалану кезінде жұғуы мүмкін.
Аурудың инкубациялық кезеңі 2 тәуліктен 14 тәуліккке дейін созылады.
Аурудың белгілері:
- тері-бубон түрі кезінде - инфекция түскен жер алдымен қышып, іріңді дақ пайда болады, содан соң күлдірейді, 2-6 күннен соң қара қабыршықтанып ойық жараға айналады. Науқастың дене қызуы көтеріледі, басы ауырып, денесі құрысады;
- ішек түрі кезінде – іш қатты ауырып, құсады, дәретіне қан араласып іші өтеді;
- өкпе түрі кезінде – дене қызуы көтеріледі, қалтырайды, қақырық бөлінеді. 3-5 күннен кейін жіті өкпе жеткіліксіздігі дамиды, яғни жүрек соғуы жиілеп, шокқа және өлімге алып келетін ауыр демігу пайда болады.
Алдын алудың негізгі шаралары:
- дүкендерде және базарларда ет сатып алу кезінде ветеринариялық анықтаманы немесе сертификатты талап ету;
- жеткілікті термиялық өңдеуден өтпеген етті, сүтті (кәуап, жаңа сауған сүт) пайдаланбау, кездейсоқ адамдардан өнімді сатып алмау;
- қарапайым жеке бас гигиенасы қағидаларын сақтау;
- үй жануарларын күту кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану (жануардың барлық түрі ауырады);
- үй-жануарларына күйдіргі ауруына қарсы профилактикалық вакцинация жүргізу;
- малды алдын ала ветеринариялық тексеріп-қараудан кейін ғана сою.
Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті жоғарыда аталған сақтық шараларын ескеруді сұрайды.