
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің ақпараты бойынша ағымдағы жазғы маусымда мектеп жанындағы лагерьлерде 80 мыңнан астам оқушы, қала маңындағы сауықтыру лагерьлерінде 154698 бала сауықты.
2018 жылы республика бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің бақылауында 228 лагерь болды. Сауықтыру лагерьлерінің қызметін бақылау барысында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың 140 өрескел бұзушылығына жол берілген, олар: тамақ өнімдерін зертханалық зерттеулердің қанағаттанғысыз нәтижелері, тамақ дайындау технологиясының бұзылуы, тамақ өнімдерін сақтау кезіндегі тауар көршілестігін сақтамау, ыдыс жуу режимінің бұзылуы. Медициналық тексеруден уақтылы өтпеген 58 қызметкер жұмыстан шеттетілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша 130 нұсқама берілді.
Демалыстың бірінші маусымында Оңтүстік Қазақстан облысының оң санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ 2 қала маңындағы лагерьдің («Таң –Нұры», «Салют-Б. Саттарханова») жұмыс істеу фактілері тіркелген болатын. ОҚО қоғамдық денсаулық сақтау мамандары тексеруге бастамалық жасаған, прокуратура органдарына, әкімдіктерге және білім беру бөлімдеріне хат жолданған, материалдар объектілердің қызметін тоқтата тұру үшін сотқа жіберілген.
Ағымдағы жазғы маусымда қаржыландырудың болмауына және жөндеу жұмыстарының аяқталмауына байланысты 11 қала маңындағы сауықтыру лагері (Алматы облысы – 9, Атырау облысы – 1 және Алматы қаласы -1) жұмыс істеген жоқ.
Комитет және оның аумақтық департаменттері тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының алдын ау мақсатында жазғы-сауықтыру кампаниясын ұйымдастыру және өткізу бойынша санитариялық-ағарту жұмысын жандандырған болатын.
Жаппай тамақтан улану және ішек инфекциялары аурулары жағдайы балалар арасында тіркелмегенін атап айту керек.
Ата-аналардың назарына Комитеттің сайтында (http://kooz.mz.gov.kz – «Комитет туралы» - «Қызметі» - «Балаларды сауықтыру ұйымдары туралы ақпарат» деген бөлімде) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келетін 2018 жылға арналған балаларды сауықтыру ұйымдарының тізімі жарияланған болатын. Сонымен қатар, қандай да бір бұзушылықтар анықталған кезде ауызша немесе жазбаша шағыммен жүгінуге болатын шұғыл желі жұмыс істеді.
Комитет ата-аналарға балалары үшін сауықтыру лагерьін таңдау кезінде рұқсат ету құжаттары бар сауықтыру ұйымдарының тізіміне назар аударуды ұсынады.
Қала маңы лагерьлерінің 2019 жылғы сауықтыру маусымына дайындығын қамтамасыз ету мақсатында Комитеттің аумақтық департаменттері жергілікті атқарушы органдарға және сауықтыру лагерьлерінің басшыларына арналған келесі жылы жұмыс істеуі үшін қажетті іс-шаралардың тізбесі бар нұсқама беретін болады.