
2018 жылдың 21 қыркүйегінде Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің әдеп бойынша уәкілі Ф.Б. Бисмилдиннің қатысуымен мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез- құлық нормаларын сақтау мәселесі бойынша отырыс өткізілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу, Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдепті сақтау бойынша және оны жақсарту бойынша қабылданатын шаралар туралы тақырыптар қарастырылған болатын.
Мемлекеттік қызметтің жұмысын жақсарту үшін қыркүйек айында Департамент және оның аудандық басқармаларының басшылар мен мамандарына мемлекеттік қызметшінің пилоттық электрондық анонимдік сауалнама жүргізілетін болады, ойдағыдай өткен кезде бұдан әрі басқа аймақтық департаменттерге таратылады- деп хабарлады Комитеттің әдеп бойынша уәкілі А.Ж. Жолшоринов.