Қазақстандық делегацияның Еуропадағы ААШҰ / ДДСҰ Үйлестіруші комитетінің Үйлестірушісі ретінде Азербайджан Республикасына жұмыс сапары

Қазақстандық делегацияның Еуропадағы ААШҰ / ДДСҰ Үйлестіруші комитетінің Үйлестірушісі ретінде Азербайджан Республикасына жұмыс сапары

2018 жылдың 10-13 қыркүйек аралығында, Қазақстан Республикасының делегациясы Еуропалық өңірдің үйлестіруші функциялары шеңберінде халықаралық Нидерланд Корольдігінің Кодекс Алиментариус мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестірушісі Др. Мэри-Энж Деленнің қатысуымен Азербайжан Республикасына жұмыс сапарында болды. Қазақстаннан сарапшылар тізіміне, Комиссиясының Еуропа бойынша ААШҰ/ДДСҰ Үйлестіруші Комитетінің Үйлестірушісі Н. Карсыбекова, үйлестірушінің ассистенті, ҚР кодекс байланыс орны - Смағұлова Асем, тағам гигиенасы саласындағы сарапшы - Толысбаева Жанар, ветеринариялық және фитосанитарлық саласындағы сарапшы - Амирова Гаухар, техникалық сарапшы - Пернеев Асқар кірді. 2017 жылдың көктемінде, Әзірбайжан Республикасының Үкіметі Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі агенттігін (бұдан әрі - Агенттік) құрды, мекеменің бағытының бірі Кодекс Алиментариус Комиссиясының мәселелері бойынша жұмыс болып табылады. Бұл бағытта елдегі жұмыс жаңадан қарқындап келеді, осыны ескере отырып, Әзірбайжан азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі агенттігі Кодекс Комитеттерінің жұмысына және оның құжаттарымен алмасу туралы бағытты дамыту үшін,  көмек көрсету өтінішін жолдады.

Сапардың бірінші күні Кодекс Алиментариус тобыны сарапшылары Агенттіктің басшылығымен елдегі жұмыс әлеуетін күшейту және нығайту жолдарын талқылау бойынша бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.Екінші күні Ұлттық семинарда Қазақстан мен Нидерланд сарапшылары Комиссия жұмысының қағидаларын баяндайтын презентацияларды ұсына отырып, Кодекс Коммисиясынын комитеттеріндегі құжаттары мен жұмыс жасау принциптерін және де басқа да мәселелерді атап көрсетті. Агенттік тарапынан, уйымнын жалпы курылымы,откізген іс- шаралары жане болашақ жумыс жоспары жайлы таныстырып өтті. Семинарға қатысушылар Кодекс Алиментариус тобы сарапшыларының баяндамаларын белсенді талқылай отырып, Кодекстің профилдік комитететиндегі электрондык жумыс тобында жане Кодекс мәселелері бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді. Семинарға қатысушыларға Кодекс Алиментариустын Еуропадағы ААШҰ / ДДСҰ Үйлестіру Комитетінің 31-ші жане сессиясының өткізілу орны ретінде Алматы каласмен танастырды.

Сондай-ақ Әзербайжанға сапар барысында ДДҰ-ның Елдік бюросының  және Азық-түлік қауіпсіздігі институтының басшылығымен жұмыс кездесулерін өткізді. Кездесу барысында,екі тарап қызметінің негізгі бағыттары талкыланып, Кодекс Алиментариус стандарттарының  елдің экспорттық әлеуетін дамыту үшін маңыздылығы каралып, Траст фондқа  жобалық ұсыныстарды дайындау маселері талқыланды. Жумыс барысында, Кодекс  тобы мен Нидерланд сарапшысы   Ұлттық референттик зертханасынасымен танысты.  Зертханалар әлемге әйгілі Varian, Siemens, Labart, Orka Food, Esco Biotech, Шмарце сияқты компаниялардын құралдарымен жабдықталған. Қазір ұлттық референс-зертханасы халықаралық аккредитация алу үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Осылайша,  Қазақстандағы   Кодекс Алиментариустын Еуропадағы ААШҰ / ДДСҰ Үйлестіру Комитетіне артқан  мақсаттары мен міндеттердің барлығы Әзірбайжандағы мүдделі министрліктер мен ведомстволар жане азық-түлік өндірушілер,үкіметтік емес ұйымдардың Кодекс Алиментариус елдік байланыс құрылымы мен және оның профильдік комитеттерінің белсенділігін арттыру жумыстары толық қамтылды.