
23-24 қазанда М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығының базасындағы Орталық референттік зертханада (Алматы қ.) Биологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы конвенцияны (БУҚК) енгізуді қолдау тобының жәрдемімен және Германия Федеративті Республикасының қолдауымен БУҚК енгізу және биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша Орталық Азия мемлекеттері үшін аймақтық семинар өткізілді.
Аймақтық семинар БУҚК енгізу мәселелерін ұлттық деңгейде талқылау, сенім шараларын бекіту, биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша озық тәжірибемен және сарапшы пікірлерімен алмасу мақсатында ұйымдастырылған.
Семинардың ашылуында қазақстандық тараптан Қазақстанның жаппай қырып-жою қаруын таратпау халықаралық үрдісінің белсенді қатысушысы және БУҚК мақсаттары мен міндеттеріне толығымен жақтас екендігін атап өткен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашикбаев құттықтау сөз сөйледі. БУҚК-ның таратпау режимін нығайту рөлі ерекше ескертілді, Конвенцияны енгізу бойынша, соның ішінде аймақтық серіктестік әдісімен тәжірибе алмасу маңызы қөрсетілді.
Семинарға Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекеттік органдарының (ЕҚЫҰ, ХҒТО, Вертек және т.б.) өкілдері, сонымен қатар, биологиялық қауіпсіздік саласындағы бейіндік ведомстволардан (Денсаулық сақтау, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы министрліктері) қазақстандық сарапшылар қатысты. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар Алматыдағы Орталық референттік зертхананың жұмысымен танысты.