
«Al Barkat Classic Tea» («A.A. Mughal General Traders» (Пәкістан) өндірісі), «Premium Gold Tea» («АВА групс LLP» КРК (Пәкістан) өндірісі) шәйін зертханалық зерттеулерінің нәтижелері мен тиісті іс-шараларды өткізу туралы мәліметтердің негізінде «Шайды әкелуге және өткізуге тыйым салу бойынша уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 6-ПГВр қаулысының кейбір тармақтарының қолданылуын тоқтату туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 10-ПГВр қаулысымен жоғарыда көрсетілген өнімдерді әкелуге және сатуға тыйым салу жөніндегі уақытша санитариялық шараның күші жойылды.
Пәкістан шайының қауіпсіздігін және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін мониторингілеу мақсатында келесі 3 ай бойы Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті күшейтілген зертханалық бақылау жүргізетін болады.