Денсаулығыңызға зиян келтірмей Жаңа жылды қалай күтуге болады

Денсаулығыңызға зиян келтірмей Жаңа жылды қалай күтуге болады

Бүгін Орталық коммуникациялар орталығы брифингінде ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа жылдық мерекені бұзбай жақсы өткізу үшін қазақстандықтарға кеңес берді.

Басты негіздеме – ауыр тағамдардан аулақ болу және майонез қосылған салаттарды дайындалғаннан кейін 24 сағаттан кейін жемеу.  

Жаңа жылдық ас мәзірін жасағанда көптеген үй иелері үстелдің үстінде әртүрлі тағамның болғанын қалайды. Майлы майонез қосылған салаттар, қақталған және тұздалған тағамдар, қыздыратын сусындардың бірнеше түрі – жаңа жылдық үстелдің дәстүрлі атрибуты. Жаңа жылдың бірінші күні осындай сауық кешінен кейін ауыр өтеді, ал жолы болмаған кей адамдар үшін ауруханада өтеді. Созылмалы гастриттің, жараның асқынуы, ұйқы безінің қабынуы, ал кейде улану – жаңа жыл кешіндегі тоқтаусыз ішіп-жеу салдары. Осындайды болдырмай, мерекеден кейін дені сау болып қалу үшін мынадай кеңес тыңдауды ұсынамыз.

«Жаңа жылдық үстелдегі тағамдар тек дәмді ғана емес, сонымен бірге пайдалы болуы тиіс, сондықтан асқазанға ауыр салаттарды көкөністен, қызыл және жасыл бұрыштан жасалған, жеңіл тауық еті, балық, консервіленген бұршақ және әртүрлі аскөк, жеңіл зәйтүн майы  қосылған салаттарға ауыстырған жөн, ол өте пайдалы: үстеліңізді  безендіреді, жаңа жылдық рационды жеңілдетеді, міндетті түрде барлық келген адамдарға ұнайды. Жаңа жылда тамақтанудың маңызды ережелерінің бірі – ең жақсысы аз порциямен жиі тамақтану», - деді Бекшин

Жандарбек Бекшин сондай-ақ өнімдерді өткізгіштігі жоғары сауда объектілерінен сатып алуды ұсынды, бұл ретте өнімнің жарамдылық және сату мерзіміне, сыртқы түріне және бөтен иістің болмауына назар аударыңыз. Ол сонымен бірге акция бойынша сатылатын тауарлар мен үйде дайындалған өнімдерге сақ болуға шақырды. Тамақ өнімінің сапасы мен шыққан жеріне күдік туындаған жағдайда тауарды  алмаңыз.

Қаңтар мерекесінен кейін улану жағдайлары көбіне бір себептен болады – адамдар жаңа жылғы кештен қалған тағамдарды лақтырып тастауға қимай, оларды сақтап қояды да, біртіндеп тамаққа пайдаланады.

Тоңазытқышта салаттарды сақтау мерзімінің бір тәуліктен аспайтынын есте сақтау керек, ал майонез қосылғандарды 6 сағаттан асырмай сақтаған дұрыс.

Жаңа жылдық үстелде ішетін сусын жеткілікті болуы тиіс. Ең бастысы суды көп ішу керек – алкогольдің организмді сусыздандыратынын есте сақтаңыз. Алкоголь  өнімдерін тексерілген сауда ұйымдарынан сатып алыңыз. Сонымен бірге тәтті газдалған сусын ішпеу ұсынылады, себебі онсыз да мерекелік кеште тәтті тағам көп желінеді.  

Бұдан басқа тамақ дайындау кезінде жеке гигиенаны сақтау керек екенін ұмытпаңыз. Тамақ дайындап, өнімдерді сақтаған кезде дайын өнімдердің шикізатқа жақын орналасуына жол бермеу, жаңа дайындалған тағамды алдыңғы күні қалған тамақ қалдықтарымен араластырмау, өнімдер мен тағамдарды сақтағанда температуралық режимді сақтау керек.

«Жемістер - жаңа жыл туралы айтпағанның өзінде кез келген мерекеде керекті өнім. Және бұл таңқаларлық жәйт емес: жемістер тек дәмді ғана емес, сонымен қатар басқа өнімдерге қарағанда пайдалы. Диетада отырғандарға жеміс жаңа жылдық үстелден үлкен рахат алуға және артық калория жинамауға көмектеседі, ал қышқыл сорттар қаныққан майларды ыдыратуға көмектеседі. Сонымен қатар олар сұлулық пен денсаулық үшін тамаша көмекші. Қонақтардың ешқайсысы жаңа жылға арналған тамақтанудың осындай түріне немқұрайлы қарамайды, сондықтан үстелге мандарин, банан, алма және жүзімді батыл қою беруге болады», - деп атап өтті Жандабек Бекшин.

Сондай-ақ ол азаматтарға интернет арқылы тапсырыс беру кезінде өте мұқият болуды сұрады, себебі әлеуметтік желілерден үйге тапсырыс бойынша тамақ жеткізу сияқты қызмет үлкен жайсыздықпен аяқталуы мүмкін.

«Қазір сауданың мынадай түрі пайда болды, сізге «инстаграмм», чаттардағы жарнама, кіреберістегі хабарландыру арқылы үйге тамаққа тапсырыс беруді ұсынады. Бұл сауданың өте қауіпті түрі. Олардан рұқсатының бар екенін талап ету қажет. Әдетте осындай қызмет көрсетушілер өз үйлерінде дайындайды. Ал қандай жағдайда? Бізге ол белгісіз. Олар жеке гигиенаны, шикі және дайын өнімдердің тауар көршілестігін сақтамауы мүмкін», - деді Бекшин.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер жылдам жеп, әрі қарай өз жұмысыңмен жүгіріп кететін, бүгінгі күні ыстық, және ең бастысы қымбат емес тағамдардың: шаурма, самса, бәліштің түр-түрін ұсынатын көшеде сатылатын фастфудқа да тоқталып өтті.  

«Улану қаупі әрқашан болады, өкінішке орай мұндай шатырларда тағамды қандай шикізаттан дайындайтынын бақылау мүмкін емес. Оларды дайындау үшін көбіне канцерогенді қасиеттері бар фритюр майын (көп рет қолданылған) пайдаланады. Оның ішінде маргаринді де пайдаланады», - деп атап өтті ол.

Көшеде осындай өнімдерді сатып алу қауіпті. Әрқашан жаңадан әкелінген шикізат, сол жерде дайындалатын сапалы соус болмайды, ет әрқашан жақсы қуырылмайды, көөкністер мен салатқа арналған аскөк жақсы жуылмайды. Мұндай тағам уланудың үлкен қаупін тудырады. Бұл – микробтың жоғары мөлшері, осы өнімнің бактерияларды жұқтыруы, себебі олар әрқашан жаңадан әкелінбейді, нашар сақталады, көбіне сатушылардың тіпті қол жууына да жағдай жоқ, ал олар тамақ дайындауы, сатып алушыдан ақшаны алуы керек. 

Жаңа жылды денсаулығыңызға зиян келтірмей қарсы алу үшін барлық осы қарапайым кеңестерді сақтауды ұсынамыз.