
Белгілі туристтік бағыттарға барған кезде өзіңізге үйреншікті емес тамақтану, демалу, климат, жергілікті әдет-ғұрыптар жағдайында болатындығыңызды есте сақтау керек, бұл инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупін тудырады.
Дәрігердің созылмалы инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға, жүкті әйелдер мен жас балалары бар адамдарға берген ұсынымдарын ерекше назар аудару керек.
Инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу мақсатында, сондай-ақ демалыстарыңыз бұзылмас үшін мынаны ұсынамыз:
* сапарды жоспарлау кезінде баратын елдегі инфекциялық аурулар бойынша жағдайды нақтылап алыңыз, өзіңіз және балаларыңыз ауырмау үшін сақтау қажет шараларды зерделеңіз;
Сапар барысында бірқатар ұсыныстарды сақтау қажет:
* ішу үшін тек бөтелкеге құйылған немесе қайнаған суды пайдаланыңыз. Қайнамаған судан дайындалған мұзды пайдаланбаңыз.
* тек таныс және жақсы деп танылған қоғамдық тамақтану орындарынан ғана тамақтаныңыз.
* жеміс-жидектерді, көкөністерді ауыз сумен жуып, қайнаған сумен шаю керек.
* ет, балық, теңіз өнімдерін термиялық өңдеуден кейін қолдану керек.
* тамақ ішу алдында қолды сабынмен жақсылап жуу, қолға арналған антисептиктерді (санитайзерлерді) пайдалану керек.
* бассейндерде ғана немесе арнайы су қоймаларында ғана шомылу керек.
* тұратын жер (бөлме, қонақ үй нөмірі және т.б.) масалар кірмейтіндей (москит торлары, инсектицид құралдары, репелленттер) пайдалану қажет.
* кене шағуы мүмкін жерлерде табиғатта серуендеу кезінде жеңі ұзын ақшыл түсті киім, шалбар, ұзын көйлек кию керек. Дененің ашық жерлеріне репелленттер жағу керек.
* сапарда жүргенде немесе сапардан оралғаннан кейін денсаулық жағдайы нашарлаған кезде дәрігерге міндетті түрде қаралу керек.
Аурудан емделгеннен оның алдын алған жақсы! Есте сақтаңыз – өз денсаулығыңыз өз қолыңызда!
Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті алдағы қысқы демалыстарды және шетелге демалуға бару мүмкіндігі жағдайын ескере отырып, бірқатар елдерде мынадай инфекциялық аурулар бойынша қолайсыз жағдай орын алып отырғаны туралы ақпараттандырады: обаның әлемде 19 жағдайы тіркелген (АҚШ, Перу, Боливия елдерінде1 жағдайдан, Африканың Мадагаскар елінде -16 жағдай,); тырысқақ әлемде 251 542 жағдай тіркелген (Үндістан – 120 жағдай, 13 өлім-жітім), (Сауд Арабиясы – 15 жағдай), (Канада – 4 жағдай), (АҚШ – 1 өлім-жітім жағдайы); күйдіргімен 175 адам ауырған (Үндістан – 30 жағдай), (Қытай – 23 жағдай, 1 өілім-жітім), (Қырғызстан – 23 жағдай), (Грузия – 3 жағдай); эбола қызбасы Конгода 203 жағдай тіркелген, оның ішінде 120-ы өлім-жітім; денге қызбасы әлемде 225 329 жағдай тіркелген, оның ішінде 276 өлім жағдайы (Бразилия – 8 900 жағдай), (Филиппин – 62 632 жағдай, 64 өлім-жітім), (Малайзия – 36 191 жағдай, 59 өлім-жітім), (Таиланд – 60 000 жағдай, 70 өлім-жітім), (Үндістан – 1 900 жағдай, 1 өлім-жітім), (Камбоджа - 316 жағдай, 1 өлім-жітім), (Қытай – 18 жағдай) және Еуропаның 2 елінде сырттан әкелінген жағдай тіркелген (Ресейде – Таиланд, Вьетнам, Индонезия, Үндістан, Бангладеш, Гонконгтан, Мальдив аралдарынан әкелінген 59 жағдай), (Италияда – Таиландтан әкелінген 1 жағдай); Украинада дифтерияның 7 жағдайы тіркелген; Еуропа өңірі елдерінде қызылшаның 70 мыңнан астам жағдайы тіркелген: Украинада (40 мыңнан астам жағдай), Францияда (2771), Италияда (2599), Ресейде (2327), Тайландта (2149), Грузияда (1471), Израильде (1401), Қырғызстанда (448). Бұл ретте, қызылшаның 68 өлім жағдай тіркелген. Еуропада қызылшамен сырқаттанушылықты ДДҰ-ы қызылшаға қарсы вакцинациямен аз қамтылумен байланыстырып отыр.
Туристерге сапарды жоспарлау кезінде баратын елдегі аурудың ықтимал қаупімен, аурудың алдын алу жөніндегі шаралармен танысуды ұсынады. Баратын елде немесе одан оралғаннан кейін ауру белгілері пайда болғанда тез арада медициналық көмекке жүгіну керек!
Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті осы ақпаратты сапарға бару кезінде, әсіресе егілмеген адамдар пайдалануы үшін ұсынады.