ҚР ДСМ ҚДСК: Республика бойынша қауіпті ет өнімдері анықталды

ҚР ДСМ ҚДСК: Республика бойынша қауіпті ет өнімдері анықталды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде Қазақстанға мына кәсіпорындар жеткізетін тамақ өнімдерінің сынамаларында гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарының бұзылушылығы анықталды:

- «Птицефабрика «Дружба» ААҚ (БР) – (Қостанай облысының сауда объектілерінде) бройлер-балапандарынң тұтас етінің сынамаларында сальмонелла тектес бактериялар (Salmonella enteritidis), ішек таяқшасы тобының бактериялары анықталды;

- Солтүстік Қазақстан облысының сауда объектілерінде «Омский бекон» АҚ (РФ) шығарған «Измайловская», «Оригинальная» шұжықтарында, сондай-ақ «Сибирские колбасы» ЖШҚ шығарған «Молочные» сосискілерінде және «Ветчина столичная Вязанка» ет өнімдерінде, «Стародворские колбасы» ЖАҚ (РФ), «Восходящая звезда» ЖШҚ (РФ) шығарған «Особая» шұжығында натрий нитритінің массалық үлесінің артуы анықталды;

– «Нагайбакский птицеводческий комплекс» ЖШҚ (РФ) - (Қостанай облысының сауда объектілерінде) сальмонелла тектес бактериялар (Salmonella infantilis) анықталды, мемлекеттік тілдегі таңбасы жоқ;

- Ақмола облысының сауда объектілерінде «Магнитогорский птицеводческий комплекс «Бройлерное производство» ЖШҚ шығарған бройлер-балапандары етінің рагу сынамаларында, Жамбыл облысындағы сауда объектілерінде «Птицекомбинат» ЖШҚ (РФ) шығарған «Благояр» бройлер-балапандары сан етінің сынамаларында жалпы микробтық тұқымдану көрсеткіші бойынша сәйкес еместіктер анықталды.

Қазіргі уақытта сауда объектлерінен қауіпті өнімді алып тастау бойынша шаралар, сондай-ақ өткізушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданылуда.

Бұл ретте, Комитет бұзушылықтардың туындауына ықпал ететін себептерді анықтауға бағытталған бірқатар эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізеді.

Дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда жазбаша немесе 8 /7172/ 74-27-04 нөмірі бойынша Комитетке және оның аумақтық департаменттеріне жүгінуге болады (әр өңірдің ҚДСД-ның байланыс деректері kooz.dsm.gov.kz/ru сайтында аумақтық департаменттер бөлігінде көрсетілген).