
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-40 бұйрығына баспасөз-релизі
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрық «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына, 145-бабына сәйкес дайындалған, ҚР Әділет министрлігінде № 17995 болып тіркелген.
Бұйрық ҚР ұлттық экономика, әділет, ауыл шаруашылығы, еңбек және халықты әлуеметтік қорғау министрліктерімен және жергілікті атқарушы органдармен келісілген.
Бұйрықтың мақсаты аса қауіпті инфекциялық сырқаттанушылықтың өсуіне және өршулердің пайда болуына жол бермеу үшін санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу болып табылады.
Бұйрықта денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы министрліктері мен жергілкті атқарушы органдар арасындағы өкілеттіліктің аражігі ажыратылған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыретіне кірмейтін 95 тармақ (41,7 %) алынып тасталды, басқа НҚА-да қайталанатын 19 тармақта (8,3 %) нормалар оңтайландырылды және алынып тасталды.
Сондай-ақ, талаптарды ретке келтіру және функциялардың аражігін ажырату мақсатта 82 тармақ (36 %) қосылды және аса қауіпті инфекциялық аурудан қайтыс болған адамның мәйітін тасымалдау және жерлеу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды анықтайтын 55 тармақтан (24,1 %) тұратын бөлім алғаш рет әзірленді.
Бұйрық «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, үкіметтік емес ұйымдармен алдын ала келісілді, Эпидемиология саласындағы ғылыми орталықтардың сараптамалық қорытындысы алынды, қоғамдық кеңеспен мақұлданды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында және көпшілік талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланды.