Сауалнама алынған респонденттердің 47%-дан астамы еліміздегі көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына қанағатта

Сауалнама алынған респонденттердің 47%-дан астамы еліміздегі көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына қанағатта

«Жастар жетістіктері» балама білім беру орталығы» қоғамдық қорының деректеріне сәйкес ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің тапсырысы бойынша сауалнама өткізді, оның қорытындысы бойынша елде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану көрсеткіші 47,84%-ды кұрады, 2018 жылға мемлекеттік бағдарлама индикаторы 47%-ды құрайды. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіш нәтижеге қол жеткізілгенін көрсетеді.  

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың  2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 75-тармағына сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына халықтың қанағаттануын бағалау бойынша социологиялық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыруды үкіметтік емес ұйымдармен өткізу көзделген.

Сауалнама анонимділік сақтала отырып, ерікті негізде жүргізілді. Жалпы республика бойынша 35 525 респондент сұралды, олардың ішінде сауалнама алу кезінде стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек алып жатқан 25 403 респондент және сауалнама алу кезінде медициналык көмекке жүгінбеген 10 122 респондент бар. Бұдан басқа сауалнама әлеуметтік желі арқылы жүргізілді. Осы сауалнамаға қатысуға шақыруды 30 000-нан астам адам көрді, 860 адам сауалнамаға қатысуға ниет білдірді, олар сауалнаманың жеке құрамдас бөлігі ретінде бөліп көрсетілді. 

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі зерттеу жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірледі. Сауалнамада амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін ұйымның қызметін бағалау бойынша сұрақтар көзделген.  

Сауалнама нәтижесі жедел және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін  халықтың қанағаттану деңгейін анықтауға және соңында өңірлердегі медициналық ұйымдарда медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын және қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.