Қазақстан республикасында ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай (2019 жылғы 14 қантарға)

Қазақстан республикасында ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай (2019 жылғы 14 қантарға)

Республикада ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Республикада А тұмауы вирусының ішінара тіркелуі және тұмауға жатпайтын респираторлық вирустардың (парагрипп, риновирус, аденовирус және басқалар) айналымда болуы байқалады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 16 %-ға төмендеген.

ЖРВИ-мен ауырған адамдардың негізгі бөлігін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды (65 %).

Вакцинациялау кампаниясының басынан бастап республика халқының 11,3 %-ы тұмауға қарсы егілді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар - 28 %, ересектер - 72 %. Вакцинациядан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.

Әлемдегі жағдай: Солтүстік жарты шар елдерінде тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанудың өсуі жалғасуда.

Flu News Europe деректері бойынша Еуропаның 3 елінде (Грузия, Украина, Армения) тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттану деңгейі орташа, 20 елде сырқаттану деңгейі төмен.

Оның ішінен Грузияда зертханалық расталған 162 жағдай тіркелді, оның ішінде тұмау салдарынан 9 адам қайтыс болған.

А(Н1N1)pdm09 тұмауының 293 вирусы, А(Н3N2) кіші типі – 174, субтиптелмеген А - 9681 және В типті 47 вирус анықталған.

Ресей Федерацияда ЖРВИ-мен сырқаттанудың төмен деңгейі байқалады. ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың апталық эпидемиялық шектен көтерілуі тіркелмеген. Қазіргі уақытта респираторлық вирустық инфекциялармен сырқаттанушылық этиологиясы тұмауға жатпайтын вирустарға байланысты (парагрипп, аденовирустар, РС-вирустар, этиологиясы тұмауға жатпайтын басқа да вирустар). Сонымен бірге айналымдағы вирустардың ішінде тұмау вирустарының үлесі (көбі А типті) көбейді.

Кананада Flu Watch деректері бойынша тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанудың өсуі байқалып отыр, 13 өңірде жергілікті және 34 өңірде тұмаудың ішінара таралуы байқалған. А(Н1N1)pdm09 тұмауының 776 вирусы, А(Н3) кіші типі - 29, субтиптелмеген А - 1078 және В типті 7 вирус анықталған.

CDC деректері бойынша АҚШ-та медициналық көмекке жүгіну жиілігі 2,7%-ды құрады, бұл шекті мән деңгейінен (2,2%) жоғары.

2 штатта (Колорадо, Джорджия)  тұмау және ЖРВИ–мен сырқаттанудың деңгейі жоғары, 9 штатта және Нью-Йоркте - орташа, 11 штатта және Пуэрто-Рикода – төмен, 28 штатта және Колумбия ауданында сырқаттанудың ең аз деңгейі тіркелген. Тұмаудың кең таралуы 6 штатта және Гуам аралында, өңірлік – 18 штатта, жергілікті – 19 штатта, ішінара – 7 штатта, Виргин аралында, Пуэрто-Рикода және Колумбия ауданында байқалады.

CDC деректері бойынша А(Н1N1)pdm09 тұмауының 308 вирусы, А(Н3N2) кіші типі - 68, субтиптелмеген А - 23 және В типті 9 вирус анықталған.

Батыс Азия елдерінде (Бахрейн, Ирак, Иордания, Ливан, Сауд Арабиясы) FluNet деректері бойынша тұмау жергілікті тіркелген. Шығыс Азия елдерінде (Қытай, Маңғолия, Корей Республикасы) тұмаумен ішінара сырқаттану байқалған, анықталған вирустар арасында А(Н1N1)pdm09 және А(Н3) вирустары басым болған. Азияның оңтүстік өңірінде (Ауғанстан, Мальдив, Иран, Непал) тұмаудың өңірлік және ішінара таралуы байқалған, көбіне А(Н1N1)pdm09 тұмау вирусы анықталған. Азияның оңтүстік-шығыс өңірінде (Индонезия) ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың төмен деңгейі байқалған.

Тұмау және ЖРВИ-дің профилактикасы организмнің өзіндік қорғаныш күшін нығайтуға бағытталған және вакцинациялаумен қатар жүргізіледі.

Ерекше емес қорғау ретінде иммунитетті түзетуші препараттар (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы), вирусқа қарсы жақпамайлар (оксалин, антивир және т.б.), поливитаминдер қолданылады.

Сондай-ақ ЖРВИ-мен ауыратын адамдармен қарым-қатынасты болдырмау, науқас адамдармен қарым-қатынаста болған кезде бетперде кию, қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы заттармен (құрамында спирт бар ерітінділер) жуу, жөтелгенде және түшкіргенде бір рет пайдаланылатын орамалдар немесе сулықтарды пайдаланып, мұрын және ауызды жабу, көзді, мұрын және ауызды лас қолмен ұстамау, адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу (ойын-сауық және спорт іс-шаралары, жиналыстар, кездесулер  және т.б.), үй-жайды тұрақты желдету, салауатты өмір салтын ұстану (толыққанды  ұйықтау, таза ауа, белсенді демалыс, дәрумендерге бай құнарлы тамақтану) қажет.

Организмді шынықтыру қажет: тамақты салқын сумен шаюдан бастап контрасты себезгі және бассейнге түсуге дейін.

Науқас адам үйде болған жағдайда оны оқшаулауды қамтамасыз ету, науқас және сау адамдар да бетпердені пайдалануы қажет.

Қоғамдық көлікте, дәрігерге кезекте тұрғанда инфекцияның таралуын болдырмау үшін дәрігерді үйге шақырту қажет.

Сапарға шықан уақытта немесе одан оралған кезде денсаулық жағдайы нашарлағанда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.