2019 жылғы 15 қантардағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

2019 жылғы 15 қантардағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

Ағымдағы жылы қызылша ауруларының жағдайының асқынуы әлемнің көптеген елдерінде тіркелген, соның ішінде, Үндістанда қызылша ауруларының жағдайының асқынуы 70 мыңнан астам, Украинада 38 мыңнан астам, Қытайда 29 мыңнан астам, Малайзияда (9110), Таиландта (5461), Сербияда (5057), Пәкістанда (4447) Жапония (1529), Қырғызстан (1238), Ресей (4185), Мексика (3690), Түркия (3307), Франция (2787), Ауғанстан (2783) , Англия (910 жағдай). Бұл ретте, қызылшадан 68 өлім жағдайы тіркелді. Қызылшамен сырқаттанудың өсуін ДДҰ қызылшаға қарсы вакцинацияның аз қамтылуымен байланыстырады.

Әлімде, оның ішінде Қазақстан Республикасымен шекаралас елдерде сондай-ақ халықтың сыртқы көші-қоны (оқыту, еңбек көші-қоны, демалыс және т.б.) қызылша ауруының тіркелуі Қазақстанға инфекцияның әкелінуіне және қоздырғыштың циркуляциясының өсуіне алып келді. 90-шы жылдары вакцинациялауды өткізіп алған, вакцина жеткізүінің бұзылуы, егілмеген адамдардың, оның ішінде болашақ аналардың, болуы - еліміздің халқы арасында қызылша сырқаттанушылығының өсуіне алып келді.

Қазақстан Республикасында 2018 жылы 576 ызылшаның жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 484 жағдай (84%).

Сырқаттану көбінесе егілмеген балалар арасында тіркеледі – 436 жағдай (76%), оның басым бөлігі (62%-дан астамы) егу жасына жетпеу себебінен егілмеген, медициналық көмекке келмей 119 (27%), вакцинациядан бас тартуға байланысты егілмегендер арасында 45 жағдай (11%).

2018 жылы Қазақстан Республикасында қызылша ауруының таралуы 100 мың тұрғынға шаққанда 2,8 құрады, бұл орташа көп жылдық көрсеткіштен (3,03) 8% төмен.

2019 жылдың басынан бастап 323 ызылшаның жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 228 (70%).

Инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы егілмеген балаларды анықтауға және вакцинациялауға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 30 жасқа дейінгі егілмеген және қызылшаға қарсы егілгендігі туралы деректер жоқ 1878 адам егілді.

Қызылша - дене қызуының жоғарылауы, жөтел, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы және бөртпемен сипатталатын вирустық табиғатты жіті жұқпалы ауру.

Қызылшаның симптомдары:

Алғашқы белгілері: жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы, жарықтан қорқу, көздің қызаруы, жас ағу (конъюнктивит), жөтел;

Негізгі белгілері: бастан бастап, одан кейін дененің төменгі бөлігіне және аяққа дейін түсіп, таралатын, бүкіл денеге бөртпе шығу; ақ (ұнтақ жарманың жиналуы сияқты) және ауыз қуысындағы қызыл дақтар.

Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және ауыр қосымша аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ.

Қызылшадан жалғыз тиімді қорғау вакцинация болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. Қызылшаға қарсы вакцинациялау үшін қызамық және паротитті компоненттермен біріктірілген (ҚҚП) қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады. Елімізде ҚҚП-ның жеткілікті көлемі бар.

Ұсыныстар:

- ата-аналарға өз баласының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация болмаған жағдайда - қызылшаға қарсы профилактикалық егуді алу;

- қызылшаға қарсы әр түрлі себептермен егілмеген балалардың ата-аналарына әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу;

- катаралды құбылыстармен (дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, әлсіздік) аурудың алғашқы белгілері және бөртпе пайда болған кезде дәрігерге қаралу, қызылша ауруына тексеруден өту және оның барлық нұсқауларын орындау.

Есіңізде болсын, ауруды емдеуден гөрі алдын алу әрқашан оңай!