
Республикада ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Республикада А тұмауы вирусының ішінара тіркелуі және тұмауға жатпайтын респираторлық вирустардың (парагрипп, риновирус, аденовирус және басқалар) айналымда болуы байқалады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 16 %-ға төмендеген.
ЖРВИ-мен ауырған адамдардың негізгі бөлігін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды (65 %).
Вакцинациялау кампаниясының басынан бастап республика халқының 11,3 %-ы тұмауға қарсы егілді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар - 28 %, ересектер - 72 %. Вакцинациядан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.
Әлемдегі жағдай: Солтүстік жартышар елдерде тұмау мен ЖРВИ сырқаттанудың өсуі байқалады.
Еуропада: 1 елде (Мальта) тұмау мен ЖРВИ –мен сырқаттану деңгейі жоғары, 2 елде (Португалия, Ұлыбритания) – орташа және 28 елде төмен деңгейі тіркелді. А(Н1N1)pdm09- 921 вирусы, А(Н3) – 493, субтиптенбейтін А – 4033 және В типінің 54 вирусы анықталған.
Ресей Федерацияда ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың өсуі байқалады. ЖРВИ және тұмау сырқаттануы апталық эпидемиялық шектен жоғары болуы Ресей федерациясының 6 субъектіде тіркелген. Айналымда болып жатқан респираторлы вирустардың ішінен А түрі тұмау вирусының саны көбейіп жатыр. Тұмау емес этиологиялы респираторлы вирустардың айналымда белсенді болуы жалғалуда (парагрипп, аденовирустар, РС-вирустар және басқалар), бірақ олардың саны оң нәтижелер құрылымда азйып жатыр.
Украинада ересектер арасында тұмаумен сырқаттану деңгейі 20,1% өсті, ал 17 жасқа дейінгі балалар арасынан 2,4% төмендеді. Аптада тұмау және ЖРВИ-мен 176 мыңнан астана адам ауырды. Эпидемиялық шектен жоғары сырқаттану 4 облыста анықталды. Украинада 2019 жылғы 2 аптада тұмаудан кейінгі асқынудан 8 адам қайтыс болды, ал эпидмаусымнан бастап 19 адам қайтыс болған. Зертханалы зерттеулер нәтижесі бойынша айналымда тұмаудың А (Н3) тұмаудың саны жоғары.
АҚШ-та тұмау және ЖРВИ –дің сырқаттану деңгейінің төмендеуі тіркелді, медициналық көмекке жүгіну жиілігі – 3,5%, бұл шектік деңгейінен жоғары (2,2%). 15 штатта және Нью-Йоркте тұмау және ЖРВИ –дің сырқаттанудың деңгейі жоғары, 12 штатта - орташа, 8 штатта, Пуэрто-Рико және Колумбия аумағында – төмен, 15 штатта минималды деңгейі тіркелген.
CDC мәліметіне сәйкес А(Н1N1)pdm09 тұмаудың 125 вирусы, 27 - А(Н3) түрі, 18 – А субтинбейтін және 10 В тұмау вирусы анықталған.
Батыс Азия елдерінде (Иордания, Ливан, Сауд Аравиясы) көбіне тұмаудың А(Н1N1)pdm09 түрінің таралуы байқалады. Шығыс Азия елдерінде (Қитай, Монғолия) тұмаумен сырқаттанудың локалды таралуы, көбіне тұмаудың А(Н1N1)pdm09 вирусы анықталған. Азияның Оңтүстік аумағында (Афганистан, Непал) тұмаудың спорадиялық таралуы байқалған, көбіне тұмаудың А(Н1N1)pdm09 вирусы кездесті. Азияның Оңтүстік-Шығыс ауданында (Тайланд) тұмаудың А(Н1N1)pdm09 және А (Н3) вирустары кездесті.
Тұмау және ЖРВИ-дің профилактикасы организмнің өзіндік қорғаныш күшін нығайтуға бағытталған және вакцинациялаумен қатар жүргізіледі.
Ерекше емес қорғау ретінде иммунитетті түзетуші препараттар (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы), вирусқа қарсы жақпамайлар (оксалин, антивир және т.б.), поливитаминдер қолданылады.
Сондай-ақ ЖРВИ-мен ауыратын адамдармен қарым-қатынасты болдырмау, науқас адамдармен қарым-қатынаста болған кезде бетперде кию, қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы заттармен (құрамында спирт бар ерітінділер) жуу, жөтелгенде және түшкіргенде бір рет пайдаланылатын орамалдар немесе сулықтарды пайдаланып, мұрын және ауызды жабу, көзді, мұрын және ауызды лас қолмен ұстамау, адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу (ойын-сауық және спорт іс-шаралары, жиналыстар, кездесулер және т.б.), үй-жайды тұрақты желдету, салауатты өмір салтын ұстану (толыққанды ұйықтау, таза ауа, белсенді демалыс, дәрумендерге бай құнарлы тамақтану) қажет.
Организмді шынықтыру қажет: тамақты салқын сумен шаюдан бастап контрасты себезгі және бассейнге түсуге дейін.
Науқас адам үйде болған жағдайда оны оқшаулауды қамтамасыз ету, науқас және сау адамдар да бетпердені пайдалануы қажет.
Қоғамдық көлікте, дәрігерге кезекте тұрғанда инфекцияның таралуын болдырмау үшін дәрігерді үйге шақырту қажет.
Сапарға шықан уақытта немесе одан оралған кезде денсаулық жағдайы нашарлағанда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.