Еуразиялық экономикалық одақтың қаптамаланған ауыз судың қауіпсіздігі туралы техникалық регламенті күшіне енді

Еуразиялық экономикалық одақтың қаптамаланған ауыз судың қауіпсіздігі туралы техникалық регламенті күшіне енді

2019 жылғы 1 қаңтарда Еуразиялық экономикалық одақтың «Табиғи минералды суды қоса алғанда, қаптамаланған ауыз судың қауіпсіздігі туралы» (044/2017 ЕАЭО ТР) техникалық регламенті күшіне енді.

Еуразиялық экономикалық одақтың «Табиғи минералды суды қоса алғанда, қаптамаланған ауыз судың қауіпсіздігі туралы» (044/2017 ЕАЭО ТР) техникалық регламенті  Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің 2017 жылғы 23 маусымдағы шешімімен қабылданды.

Техрегламент табиғи минералды суға, оның ішінде асханаға, емдік-асханалық  және емдік суға, сондай-ақ купаждалған, өңделген және табиғи ауыз суға, балалар тағамына арналған ауыз суға, жасанды минералданған ауыз суға қолданылады.

Техникалық регламентте қаптамаланған ауыз суды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, сатуға және кәдеге жаратуға қойылатын арнайы талаптар белгіленген.  Балалар тамағына арналған ауыз су шөлмектерінде енді міндетті түрде «балалар тамағына арналған» деген жазу немесе осы мақсатқа арналған ауыз судың басқа да мақсаты көрсетіледі. Өндіруші немесе сатушы таңбалауда ауыз су арналған балалардың жасы туралы (үш жасқа дейін немесе үш жастан бастап), жалпы минералдануы, химиялық элементтері, сақтау шарттары және ыдысты ашқаннан кейін жарамдылық мерзімі көрсетілген оның негізгі құрамы туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті.

Бұдан басқа,  техникалық регламентте химиялық, микробиологиялық және радиациялық қауіпсіздік нормалары анықталды.

Балалар тамағына, емдік-асханалық және емдік табиғи минералды суға арналған ауыз судан басқа, қаптамаланған ауыз су айналымға шығару алдында декларациялануы тиіс. Балалар тамағына, емдік-асханалық және емдік табиғи минералды суға арналған ауыз судың техрегламент талаптарына сәйкестігін бағалау мемлекеттік тіркеу нысанында жүргізіледі.

ЕЭК Алқасының 2017 жылғы 7 қарашадағы шешімімен нарыққа қатысушылардың жаңа талаптарға жауап беретін буып-түйілген ауыз суды шығаруға жоспарлы түрде көшуі үшін өтпелі ережелер бекітілді. Оның ішінде бұрын берілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2020 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей жарамды екендігі анықталды. Бұл ретте бұрын қолданыста болған талаптарға ресімделген осындай құжаттары бар өнім 2020 жылғы 1 шілдеге дейін шығарылуы және жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін қолданылуы мүмкін.