Қазақстан республикасында ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай (2019 жылғы 28 қантарға)

Қазақстан республикасында ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай (2019 жылғы 28 қантарға)

Республикада ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Республикада А тұмауы вирусының ішінара тіркелуі және тұмауға жатпайтын респираторлық вирустардың (парагрипп, риновирус, аденовирус және басқалар) айналымда болуы байқалады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 15 %-ға төмендеген.

ЖРВИ-мен ауырған адамдардың негізгі бөлігін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды (65 %).

Вакцинациялау кампаниясының басынан бастап республика халқының 11,3 %-ы тұмауға қарсы егілді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар - 28 %, ересектер - 72 %. Вакцинациядан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.

Әлемдегі жағдай. Солтүстік жартышар елдерде тұмау мен ЖРВИ сырқаттанудың  өсуі байқалады, көбіне тұмаудың А(Н1N1)pdm09 вирусы анықталды.

Еуропада: 2 елде  (Мальта, Черногория) тұмау мен ЖРВИ –мен сырқаттану деңгейі жоғары, 8 елде – орташа және 29 елде төмен деңгейі тіркелді. А(Н1N1)pdm09- 1777 вирусы, А(Н3) – 957, субтиптенбейтін А – 5330 және В типінің 94 вирусы анықталған.

Ресей Федерацияда ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың өсуі байқалады. ЖРВИ және тұмау сырқаттануы апталық эпидемиялық шектен жоғары болуы Ресей федерациясының 13 субъектіде тіркелген. Айналымда болып жатқан респираторлы вирустардың ішінен А түрі тұмау вирусының саны көбейіп жатыр. Тұмау емес этиологиялы респираторлы вирустардың айналымда белсенді болуы жалғалуда (парагрипп, аденовирустар, РС-вирустар және басқалар), бірақ олардың саны оң нәтижелер құрылымда азйып жатыр.

АҚШ-та тұмау және ЖРВИ –дің сырқаттану деңгейінің төмендеуі тіркелді, медициналық көмекке жүгіну жиілігі – 3,1%, бұл шектік деңгейінен жоғары (2,2%). 9 штатта тұмау және ЖРВИ –дің сырқаттанудың деңгейі жоғары, 13 штатта және Нью-Йоркте - орташа, 10 штатта – төмен, 18 штатта, Пуэрто-Рико  және Колумбия аумағында минималды деңгейі тіркелген.

CDC мәліметіне сәйкес А(Н1N1)pdm09 тұмаудың 605 вирусы, 74 - А(Н3) түрі, 64 – А субтинбейтін және 9 В тұмау вирусы анықталған.

Батыс Азия елдерінде (Иордания, Ливан, Кувейт, Сауд Аравиясы) көбіне тұмаудың А(Н1N1)pdm09 түрінің таралуы байқалады. Шығыс Азия елдерінде (Қитай, Монғолия, Корей республикасы) тұмаумен сырқаттанудың локалды таралуы, көбіне тұмаудың А(Н1N1)pdm09 вирусы анықталған. Азияның Оңтүстік аумағында (Афганистан, Индия, Иран, Пакистан) тұмаудың аумақтық және спорадиялық таралуы байқалған, көбіне тұмаудың А(Н1N1)pdm09 және А(Н3) вирустары кездесті. Азияның Оңтүстік-Шығыс ауданында (Камбоджа, Филиппины, Сингапур, Тайланд) тұмаудың А(Н1N1)pdm09 және А (Н3) вирустары кездесті.

Тұмау және ЖРВИ-дің профилактикасы организмнің өзіндік қорғаныш күшін нығайтуға бағытталған және вакцинациялаумен қатар жүргізіледі.

Ерекше емес қорғау ретінде иммунитетті түзетуші препараттар (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы), вирусқа қарсы жақпамайлар (оксалин, антивир және т.б.), поливитаминдер қолданылады.

Сондай-ақ ЖРВИ-мен ауыратын адамдармен қарым-қатынасты болдырмау, науқас адамдармен қарым-қатынаста болған кезде бетперде кию, қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы заттармен (құрамында спирт бар ерітінділер) жуу, жөтелгенде және түшкіргенде бір рет пайдаланылатын орамалдар немесе сулықтарды пайдаланып, мұрын және ауызды жабу, көзді, мұрын және ауызды лас қолмен ұстамау, адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу (ойын-сауық және спорт іс-шаралары, жиналыстар, кездесулер  және т.б.), үй-жайды тұрақты желдету, салауатты өмір салтын ұстану (толыққанды  ұйықтау, таза ауа, белсенді демалыс, дәрумендерге бай құнарлы тамақтану) қажет.

Организмді шынықтыру қажет: тамақты салқын сумен шаюдан бастап контрасты себезгі және бассейнге түсуге дейін.

Науқас адам үйде болған жағдайда оны оқшаулауды қамтамасыз ету, науқас және сау адамдар да бетпердені пайдалануы қажет.

Қоғамдық көлікте, дәрігерге кезекте тұрғанда инфекцияның таралуын болдырмау үшін дәрігерді үйге шақырту қажет.

Сапарға шықан уақытта немесе одан оралған кезде денсаулық жағдайы нашарлағанда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.