COVID-19-дан қорғанудың ең басты жолы – вакцинацияның аяқталған курсы және ревакцинация

COVID-19-дан қорғанудың ең басты жолы – вакцинацияның аяқталған курсы және ревакцинация

              Қарағанды облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта орналасқан. Облыста COVID-19 ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлай түсуде. Ағымдағы жылдың 12 қаңтарынан бастап сырқаттанушылықтың күрт өсуі байқалады, соңғы аптада жаңа жағдайлардың саны алдыңғы аптамен салыстырғанда 2,2 есеге артты. Ауру санының жоғарылау себебі халықтың карантиндік шектеулерді, оның ішінде: коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациямен жеткіліксіз қамтылмаған кезде маска режимі, әлеуметтік қашықтықты сақтамауы.

              Облыста барлығы 130 066 жағдай, ал өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 2 036 жаңа жағдайы тіркелді. Облыс бойынша репродуктивті сан 1,425 құрайды.

              100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші – 9128,3 құрады, оның ішінде симптомдары бар науқастар – 82,2%, симптомсыз вирус тасымалдаушылар – 17,8%.

               Естеріңізге сала кетейік, бүгінде вирустың негізгі қорғанысы - вакцинацияның аяқталған курсы және СOVID-19-ға қарсы уақтылы ревакцинация.

                Облыста 18 жастан асқан 897 340 адам вакцинациялауға жатады. 22 қаңтардағы жағдай бойынша 615 390 немесе 68,6% бірінші компонентпен егілді, 568 479 адам немесе 63,4% толық вакцинация курсын алды.

                "Комирнати" вакцинасын (Pfizer/BioNTech компаниясы өндірген) 21 661 адам алды.

                 Бүгінгі күні облыс бойынша 78 248 адам иммунитетті көтеру үшін үшінші бустерлік дозамен ревакцинациядан өтті.

                 "Омикрон" штаммы жоғары жұқпалығымен сипатталады: бір адамнан бес адам жұқтыруы мүмкін. Ол тез таралады, біз осы жағдайды тек әлемде ғана емес, сонымен бірге ел аумағында да байқаймыз. Жоғарғы тыныс жолдарында "омикрон" дельта штаммынан 70 есе көп көбейеді.

                  "Омикрон" инфекциясы кезінде осал топтар арасында ауыр жағдайлар жиі кездеседі, бұл егде жастағы пациенттер және созылмалы аурулары бар адамдар.

                   Қазақстанда «Омикронның» айналымы зертханалық түрде расталды, біздің тұрғындардың көші-қоны жоғары болған кезде вирустың облысқа да әкелінуі жоққа шығарылмайды.

                  Осыған байланысты, облыс тұрғындарына вирустық инфекциялардың алдын алу шараларын сақтау және вакцинациялау қажеттілігі туралы ескертеміз.