
13 қаңтардан бастап Ақмола облысы «қызыл» аймақта. Өңірде шектеу шаралары күшейтілді. Ұйым қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеу форматына көшті.
Соңғы аптада Ақмола облысында COVID-19 індетінің үш мыңнан астам жағдайы тіркелді, өткен аптамен салыстырғанда 6,3 есеге өскені белгіленді. Қаңтар айында ауруға шалдыққандар саны 4654 адамды құрады, оның 63%-ы алғаш рет ауырғандар, 30%-ы 6 айдан астам вакцинацияланғандар, 5,3%-ы қайта жұқтырғандар. Олардың басым бөлігі жіті респираторлық вирустық инфекция белгілерімен емдеу кезінде – 981 (76,0%), байланыста болғандар арасында – 185 (15%), кәсіби тексеру кезінде – 34 (9,2%) анықталған.
Тәулік ішінде COVID-19-ның зертханалық расталған 1200 жағдайы, ересектер арасында – 1073 (89,4%), 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 127 (10,5%) тіркелді. Бұл жағдайдың саны індеттің бүкіл кезеңі үшін антирекорд болып табылады, тәулігіне өсім 6% құрады. Негізінде 471 жұмысшы, 80 зейнеткер, 72 мектеп оқушысы, 56 медицина қызметкері, 52 ұйымдаспаған адам, 44 әскери қызметкер, 33 мемлекеттік қызметші, 15 ұйымдасқан балалар, 9 студент, 8 вахтолық жұмысшылар, 360 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ауырады. Жұқпалы аурулар ауруханасында 539 науқас ем қабылдауда. Аурухана төсек-орын қорының қамтылу пайызы 45% құрады.
Жаппай сипатқа және клиникалық көріністерге қарағанда, дәрігерлер аймақта «Омикрон» штаммының болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Айта кету керек, «Омикронмен» ауыратын бір науқас 7-8 адамды жұқтырады, бірақ еуропалық БАҚ-тағы басылымдардың мәліметінше, бір науқас 100 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Бұған дейін қызылша бір науқастан 18 адамға дейін жұқтырған кезде ең жұқпалы болып саналатын.
Коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны алаңдатарлық және басқаша айтқанда қорқытады. Ақмола облысы республикада оң жағдайлардың саны бойынша 4-ші орында. Сондай-ақ өлім-жітіммен аяқталған 8 жағдай бар.
Дельта және Британдық штаммдар осы штаммен қатар таралуда және қазір осы штаммдардың таралуын анықтау үшін үлгілер реттілікке жіберілуде.
Облыстың медициналық мекемелерде эпидемиологиялық жағдайдың пессимистік сценарийі жағдайында 3000-нан астам төсек-орын қоры қарастырылған. Сондай-ақ, 16 жұқпалы аурулар ауруханасында 870 жұқпалы аурулар және 105 реанимациялық төсек-орын орналастырылды. 21 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Екеуінің жағдайы өте ауыр. Науқастардың 90%-ы (19) екпе алмағанын, бір науқаста еккен екінің екпе мерзімі 6 айды құрайтынын айта кеткен жөн. Жас құрамы бойынша барлық науқастар 50 жастан асқандар, оның ішінде 16 науқас немесе 76%-ы 60 жастан асқандар.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайы ерекше бақылауда. Облыстың медициналық ұйымдарында 802 млн теңгеге дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың екі айлық қоры қалыптастырылды, олар антибиотиктер, антикоагулянттар, гормоналды, вирусқа қарсы, қызуды басатын дәрілер.
Өңірдегі қазіргі эпидемиологиялық жағдайдың негізгі себептері тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы: бетперде режимі, әлеуметтік қашықтық, антисептиктерді қолданбау болып табылады. Жағдайды жаңа жылдық мерекелер қиындата түсті, сонымен қатар, адамдар вакцинацияға немқұрайлы қарай бастады, ал вакцинация коронавирустық инфекцияның алдын алудың ең тиімді әдісі болып табылады.
Өңірде вакцинаның бірінші компонентімен қамтылу 70%-дан сәл артық, бұл Республикамен салыстырғанда 10%-ға аз. Бірінші және екінші компоненттер арасында 6% үлкен арақашықтық бар, көпшілігі екінші компонентті алмады, яғни оларда қажетті иммунитет жоқ.
Ревакцинациядан 46 680 адам өтті. Екінші рет иммундау үшін Vero Cell, QazVac вакциналары қол жетімді. Сонымен қатар, 60 жастан асқан адамдар, сондай-ақ медицина қызметкерлері Pfizer вакцинасын ала алады, оның тиімділігі дәлелденген. Мәселен, облыста Pfizer вакцинасын салдырған 7 адам ғана ауырды, оның ішінде 3 (43%) адам бірінші компонентті салдырғаннан кейін, яғни ауру кезінде қажетті иммунитет әлі қалыптаспаған, барлық науқастар отбасылық байланыста болған. Барлығы 2 жасөспірім (екпе алған жасөспірімдердің жалпы санынан 0,049%) және бала емізетін 5 әйел (0,33%) ауырған. Вакцинацияланған науқастар инфекцияны жеңіл, белгілері жоқ түрде өткізеді.
Жүкті әйелдер арасында ауру жағдайлары тіркелмеген.
Жақын күндері облысқа Ресейдің тікелей инвестиция қорыменен бірлесіп Н.Ф.Гамалея атындағы ҰЭжМҒО-ында әзірлеген «Спутник лайт» жеткізіледі, Росфонд мәліметтері бойынша оның тиімділігі 79,4% құрады.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті вакцинация мен ревакцинация ірі ұжымдардың қызметкерлерін қорғаудың және ұйымдардың тоқтап қалуын болдырмаудың жалғыз әдісі екенін еске салудан жалықпайды. Мысалы, 100 пайыз егілген ұжымда бір қызметкер ауырып қалған жағдайда, бұл ұйымның жұмысы штаттық режимінде жалғасады. Вакцинация болмаған жағдайда, барлық қызметкерлер ПТР тестілеуіне жіберіліп, нәтижесінде карантинге жатқызылуы керек.
Инфекция жұқтырғандардың санын азайту үшін карантиндік шараларды сақтауды күшейту қажет: бетперде режимін, желдету, кварцтау, әлеуметтік қашықтықты сақтау, адам көп жиналатын орындарға бармау, отбасылық іс-шаралар мен басқа да мерекелік шараларды өткізбеу, қалалар мен жақын орналасқан елді мекендерге көші-қону. Ал барлық кәсіпкерлер «Ashyq» жобасы аясында келушілердің мәртебесін тексеріп, карантиндік шаралардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуі керек.
Өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың денсаулығына жауапты болуыңызды сұраймыз.