
Республикада ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Әлемдегі жағдай. Солтүстік жартышар елдерде тұмау мен ЖРВИ сырқаттанудың өсуі сақталды, көбіне тұмаудың А(Н1N1)pdm09 вирусы анықталды.
Еуропада: 2 елде (Мальта, Румыния) тұмау мен ЖРВИ –мен сырқаттану деңгейі жоғары, 15 елде – орташа және 22 елде төмен деңгейі тіркелді. А(Н1N1)pdm09- 2623 вирусы, А(Н3) – 1559, субтиптенбейтін А – 6936 және В типінің 108 вирусы анықталған.
Ресей Федерацияда ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың өсуі байқалады. Өткен аптадағыдай, эпид.процесске неғұрлық белсенді 3-6 және 7-14 жастағы ұйымдастырылған балалар қосылды. ЖРВИ және тұмау сырқаттануы апталық эпидемиялық шектен жоғары болуы Ресей федерациясының 23 субъектіде тіркелген. Айналымда болып жатқан респираторлы вирустардың ішінен А түрі тұмау вирусының саны көбейіп жатыр. Тұмау емес этиологиялы респираторлы вирустардың айналымда белсенді болуы жалғалуда (парагрипп, аденовирустар, РС-вирустар және басқалар), бірақ олардың саны оң нәтижелер құрылымда азайып жатыр.
Грузияда Н1N1 тұмау вирусы 20 адамда нақтыланған. Грузияда сырқаттанудың өршуі өткен жылдың желтоқсан айына келген. Қазір сарапшылардың айтуынша бұл тұмау вирусының эпидемиясының төмендеуі байқалып жатыр.
АҚШ-та тұмау және ЖРВИ –дің сырқаттану деңгейінің көтерілуі тіркелді, медициналық көмекке жүгіну жиілігі – 3,3%, бұл шектік деңгейінен жоғары (2,2%). 18 штатта және Нью-Йоркте тұмау және ЖРВИ –дің сырқаттанудың деңгейі жоғары, 10 штатта - орташа, 8 штатта – төмен, 14 штатта - минималды деңгейі тіркелген.
CDC мәліметіне сәйкес А(Н1N1)pdm09 тұмаудың 573 вирусы, 133 - А(Н3) түрі, 34 – А субтинбейтін және 12 В тұмау вирусы анықталған.
Батыс Азия елдерінде (Бахрейн, Ливан, Кувейт, Сауд Аравиясы) көбіне тұмаудың А(Н1N1)pdm09 және А(Н3) түрлерінің таралуы байқалады. Шығыс Азия елдерінде (Қитай, Монғолия, Корей республикасы) тұмаумен сырқаттанудың локалды таралуы, көбіне тұмаудың А(Н1N1)pdm09 вирусы анықталған. Азияның Оңтүстік аумағында (Афганистан, Бангладеш, Иран, Пакистан) тұмаудың аумақтық және спорадиялық таралуы байқалған, көбіне тұмаудың А(Н1N1)pdm09 және А(Н3) вирустары кездесті. Азияның Оңтүстік-Шығыс ауданында (Филиппины, Сингапур, Лаос) тұмаудың спорадиялық таралуы тіркелді, тұмаудың А(Н1N1)pdm09 вирусы кездесті.
Тұмау және басқа тұмау тәріздес инфекциялар вирустардың айналымына және сырқаттануына жүргізіліп отырған мониторингке сәйкес республикада А тұмауы вирусының ішінара тіркелуі және тұмауға жатпайтын респираторлық вирустардың (парагрипп, риновирус, аденовирус және басқалар) айналымда болуы байқалады. Эпидмаусымнан бастап (2018 жылғы 1 қазаннан бастап) ЖРВИ-ның 250 мың жағдай тіркелді, оның ішінен тұмаудың 625 жағдайы тіркелді. ЖРВИ-мен ауырған адамдардың негізгі бөлігін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды (65 %).
Сырқаттану маусымдық деңгейде, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 15 %-ға төмендеген.
Эпидемияға дейіңгі кезеңде тұмауға қарсы республика халқының 11,3 %-ы егілді (ДДСҰ ұсынысы – 10 % кем емес), оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар - 28 %, ересектер - 72 %. Вакцинациядан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.
Тұмау және ЖРВИ-дің профилактикасы организмнің өзіндік қорғаныш күшін нығайтуға бағытталған және вакцинациялаумен қатар жүргізіледі.
Ерекше емес қорғау ретінде иммунитетті түзетуші препараттар (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы), вирусқа қарсы жақпамайлар (оксалин, антивир және т.б.), поливитаминдер қолданылады.
Сондай-ақ ЖРВИ-мен ауыратын адамдармен қарым-қатынасты болдырмау, науқас адамдармен қарым-қатынаста болған кезде бетперде кию, қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы заттармен (құрамында спирт бар ерітінділер) жуу, жөтелгенде және түшкіргенде бір рет пайдаланылатын орамалдар немесе сулықтарды пайдаланып, мұрын және ауызды жабу, көзді, мұрын және ауызды лас қолмен ұстамау, адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу (ойын-сауық және спорт іс-шаралары, жиналыстар, кездесулер және т.б.), үй-жайды тұрақты желдету, салауатты өмір салтын ұстану (толыққанды ұйықтау, таза ауа, белсенді демалыс, дәрумендерге бай құнарлы тамақтану) қажет.
Организмді шынықтыру қажет: тамақты салқын сумен шаюдан бастап контрасты себезгі және бассейнге түсуге дейін.
Науқас адам үйде болған жағдайда оны оқшаулауды қамтамасыз ету, науқас және сау адамдар да бетпердені пайдалануы қажет.
Қоғамдық көлікте, дәрігерге кезекте тұрғанда инфекцияның таралуын болдырмау үшін дәрігерді үйге шақырту қажет.
Сапарға шықан уақытта немесе одан оралған кезде денсаулық жағдайы нашарлағанда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.