
Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүргізу барысында қауіпті балалар ойыншықтарын анықтады.
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында сауда объектілерінде сатып алынған Қытайда шығарылған өнімде фенол мен метил спиртінің ең жоғары рұқсат етілген шоғырлану мөлшерінің екі және одан да көп есе артуы, сондай-ақ таңбалаудың мынадай сынамаларда сәйкес келмеуі анықталды: «Фея парк» қуыршағы, «My Little Horse» fantastic toys ойыншығы (Тимирязев ауданы, Ақжан ауылы, ЖК В.М. Петрова «Натали» дүкенінде алынған), «LOL superise Castle park» қуыршағы (Сергеевка қаласы, Ыбыраев көшесі, ЖК Г. А. Вдовикова «Айсберг» СҮ).
Бұдан басқа бірқатар сауда орындарында тиісті таңбалауы жоқ балалар тауарлары сатылған, мысалы, «Асемай» азық-түлік дүкенінде (ШҚО, Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Отарбеков көшесі, 71, ЖК Жаркенов Ж.), «Евразийский» СО сауда нүктесінде (Петропавл қаласы, Интернациональная көшесі, 63, Б, ЖК Сарсенова М. Д.), «Еділ» дүкенінде (Талдықорған қаласы, Ескелді би көшесі, 238, ЖК Мухамеджанова), «Акварель» дүкенінде (ШҚО, Риддер қ., ЖК Сидоренко А.М.), «Губка Боб» дүкенінде (ШҚО, Зырян ауданы, Зырян қ., Солнечная к., 4, ЖК Буркитбай Е.А.), «Детский мир» дүкенінде (ШҚО, Үлкен Нарын селосы, ЖК Дюсюпова А.В.), дүкенде (Қостанай қ., Затобол к., Механизаторлар көш., 3/1, ЖК Руднева Г. Н.), «Мейрлан» шағын маркетінде (Тараз қ., Крупская к-сі, 16 Б, ЖК Аманжолов Р. М.).
Комитет балаларға ойыншық сатып алу кезінде тауарлардың таңбасына ерекше назар аударуды сұрайды, себебі тұтынушыға жеткізілуге тиіс негізгі ақпарат орамында көрсетіледі: дайындаушысы және өнім жасалған материалдың құрамы туралы ақпараттың болуы, сондай-ақ жас шектеулері. Сатушылардан қауіпсіздікті растайтын сәйкестік сертификатын сұрауға кеңес береміз, себебі 2018 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан аумағына сәйкестікті бағалау туралы құжаттарсыз ойыншықтарды әкелуге тыйым салынған.
Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті сәйкес келмейтін өнімдерді алып қою бойынша шаралар жүргізуде, өткізушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шараларды қолдануда, соның ішінде ел аумағында импорттаушы-өнім берушілерді тексеру бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіп жатыр.
Дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда шұғыл шаралар қабылдау үшін Комитетке және оның аумақтық департаменттеріне жазбаша түрде өтініш беруді ұсынамыз (әр өңірдің ҚДСД-ның байланыс деректері kooz.dsm.gov.kz/ru сайтының аумақтық департаменттер бөлігінде көрсетілген).
Анықтама үшін: мемлекеттік тілде таңбалауы жоқ
• «Стандарт» балалар конструкторы ойыншығы, «Альтернатива» «ЗПИ» ЖШҚ, 452600, Ресей, Башқұртстан Республикасы, Октябрь қаласы, 8 март көшесі, 9 А. дайындалған күні: 03. 2018 жыл.
• Toy Bibib Экскаватор пластмасса ойыншығы, «Polimer Plastik» ЖШҚ, Өзбекстан, Ташкент қаласы, Чиланзарский ауданы, 2 ул. Машраба № 6. Дайындалған күні: 09.2018 жыл.
• «Квадроцикл» ойыншығы, «Интелком» ЖШҚ, Украина, 76002, Иваново-Фрачковск қаласы, Микитиневская көшесі, 7а.
• Динозаврлар 6 асс.8-12, Shantou City Daxiang Plastic Co., Ltd Add: 515829, No.8 Donghe Road Dongli Town Chenghai Shantou City Guangdong of China.
• Самосвал пластмасса ойыншығы, «Орион» ЖШҚ, 67700, Белгород - Днестровский қаласы, Маяковский көшесі, 59-в, Украина.
• Ақылды ойыншықтар, есептегіш материал. Мандаринкалар. Дамытушы жиынтық. Қытай, Yiwu Dongshun Тоуѕ Co., Ltd № 566,Chunhua Road, Beiyuan Industry Areal, Yiwu City, Zhejiang Province.
Қытай өндірушілерінің өнімдерінде таңбалау толығымен жоқ: «Sofia the first» қуыршағы, «Robocar Poli» ойыншық жиынтығы, «Hermit crab» ойыншығы, «Мини тобот» автомобиль трансформері, Барби қуыршағы, пони, бильярд, автомобиль трансформері, тікұшақ, балаларға арналған сылдырмақтар, машинкалар, «Mini Round Bead», «LOL» қуыршағы, көңілді қырықбуын, «Magnetic Drawing Board» балалар үстел тақтасы, «SUPER speed racing» машинасы, мозайка, «Кішкентай дәрігер» ойын жиынтығы, «Каток» ойыншығы, жұмсақ музыкалық ойыншық «Ит», резеңке доп, жұмсақ ойыншық «Өрмекші адам», «Die Cast Car» машина жиынтығы, «Wangu» қуыршағы, қуыршағы бар ыдыс.