
2019 жылы 13 наурызда Атырау қаласына Орал өзеніндегі балықтардың қырылуы себебін анықтау үшін ведомстволық комиссия келді.
Комиссияның құрамында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Ж.М. Бекшин бар.
Комиссия мүшелері Орал өзенінің жағалауына барды, Орал өзенінің жағалауын және катерлермен өзеннің бетін қарап шықты. Сүңгуірлермен суасты түсірілімін жүргізді. Бару кезінде ҮЕҰ-ның өкілдерімен, қоғамшылдармен, халықпен және «Аменгелді» балық аулау кооперативінің қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж. Бекшин «Атырау су Арнасы» КГП су тазарту құрылысына барды, ол жерде ауызсуды тазарту технологиясымен танысты және тұрғындар пайдаланып отырған ауыз су қауіпсіз деп сендірді.
Кездесу қорытындысы бойынша журналисттер, ҮЕҰ және тұрғындар балықтың қырылуы себебін анықтауға байланысты қабылданған және қабылданатын шаралар туралы ақпарат алды.
Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тарапынан халық арасында жаппай инфекциялық аурулар мен улануларға жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылдануда.
Ауыз суды және Орал өзенінің суына тұрақты мониторинг жүргізу ұйымдастырылды.
Атырау облысының «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ы Орал өзенінің суынан және Су тазарту құрылысының ауызсуынан санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге апта сайын сынама алуды жүргізеді.