
Тырысқақ –өте қауіпті, өткір сулы диарея тудыру мүмкіндігі бар ауру. Сырқаттанған адамның ағзасында инфекция жұқтырылған тамақ өнімдерінің немесе судың түсуі мен аурудың симптомдарының пайда болуы арасында 12 сағаттан 5 күнге дейін уақыт өтеді. Тырысқақ балаларды да, ересектерді де ауруға шалдырады.
Тырысқақ бактериясын жұқтырған адамдардың көпшілігінде ешқандай симптомдар дамымайды, бірақ жұқтырғаннан кейін 1-10 күн ішінде басқа адамдарды жұқтыруы мүмкіндігі болатындай олардың нәжістерімен қоршаған ортаға бактериялар түсу қаупі болады.
Симптомдары дамитын адамдар арасында көптеген жағдайларда ауру жеңіл және орташа симптомдармен өтеді, сондай-ақ кейбір адамдарда ауыр сусыздану дәрежесі бар ауыр сулы диарея дамиды. Ем болмаған жағдайда бұл өлімге әкелуі мүмкін.
Тырысқақ жылы және ылғалды климатты елдерінде кең таралған - Азия (Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Жапония), Оңтүстік-Шығыс Азия (Вьетнам, Камбоджа, Лаос, Мьянма, Таиланд, Малайзия, Филиппины), Латын Америкасы (Куба, Гаити, Доминикан Республикасы), науқастану жағдайлары барлық континенттерде тіркеледі, Қазақстанның кез келген аймағында тырысқақтың әкеліну мүмкіндігі бар.
Инфекция көзі сыртқы ортаға инфекция қоздырғыштарын нәжіспен немесе құсық массаларымен шығарып жұқтыратын сырқат адам немесе вибрио тасымалдаушы (ағзасында тырысқақ қоздырғышы бар, бірақ клиникалық белгілері жоқ адам) болып табылады.
Жұқтыру тырысқақ вибрионымен инфекцияланған суды қолданғанда, оны қол, көкөніс, жеміс-жидек, ыдыс-аяқ, үй тұрмысындағы заттарды жуу үшін, шомылғанда және т. б. пайдалану кезінде болады.
Тырысқақ жұқпасының таралуының және эпидемияның дамуының басты жолдарының бірі су арқылы таралу жолы болып табылады, тамақ өнімдеріне тырысқақ микробын шыбын әкелуі мүмкін.
Симптомдары дамитын адамдар арасында көп жағдайда ауру ішектің бұзылуының жеңіл және орташа симптомдарымен өтеді, сонымен бірге кейбір науқастарда ауыру кенеттен басталуы мүмкін, іштің кернеусіз және ауырсынуынсыз сұйық, жиі өтуі «күріш қайнары» түрінде пайда болады. Содан кейін құсу, дене қызуының көтерілуі, көп мәрте сұйық нәжіс және көп құсу тез ағзаның сусыздануына әкеледі. Жағдайы нашарлайды, бұлшық ет әлсіздігі, шөлдеу, ауыздың құрғауы, температура күрт төмендейді. Егер дер кезінде медициналық көмек көрсетпесе және ағзаның сусыздануын тоқтатпаса, науқас өлуі мүмкін.