Наурызды тамақтан уланусыз қалай қарсы алу керек

Наурызды тамақтан уланусыз қалай қарсы алу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау Комитеті сіздерді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтайды!

Барлық адам жаңа жыл мерекесін асыға күтеді. Бұл ретте көбі мерекелік үстелді мол етіп дайындауға тырысады: салаттар, тіске басарлардың түр-түрін, торттар мен бәліштерге дейін болады.

Алайда егер абай болмасаңыздар, мерекелік дастарқанды тамақтан улану бұзуы мүмкін.

Осыған байланысты, мереке күндерінде тамақтан уланудың алдын алу үшін демалыста мынадай қағидаларды сақтауды ұсынады.

Мерекелік үстелген тағамдар дайындау кезінде оларды сақтау және пайдалану мерзімін сақтаңыздар, шикі және дайын тағамдарды бірге сақтауға жол бермеңіздер, ал сапасыздыққа аздаған күдік пайда болғанда, әсіресе өткен кештегі үстелден қалған тағамдарды пайдаланбау керек. Жеке гигиена қағидаларын және тазалықты сақтаңыздар.

Құс етінен жасалған, жұмыртқа қосылған дайын тағамдар, майонез және қаймақ қосылған салаттар, кремі бар кондитерлік өнімдер (торттар, бәліштер) барынша үлкен қауіп төндіреді.

Әдетте қоғамдық тамақтану және сауда объектілері мереке күндері аспаздық және кремі бар кондитерлік өнімдерді үлкен мөлшерде дайындайды. Осы күндері сақтау және сату мерзімі қысқа түрлі салаттар, ет және балықтан дайындалған тіске басарлар, ет сілікпелері, құйма еттер, тауық етінен жасалған тағамдар және басқалары ең көп сұранысқа ие болады.

Осыған байланысты, тамақ өнімінің қауіпсіздігін және сапасын растайтын құжаттардың болуына, сондай-ақ оларды сату және сақтау жағдайларына назар аударуды сұраймыз.

Сондай-ақ мейрамханалар және дәмханалар басшыларының назарын Наурыз мейрамы күндері тамақтан уланудың алдын алу мәселелеріне көңіл аударамыз.

Жалпы республикалық іс-шараларды өткізуге белсенді қатысқаны үшін және осымен бір мезгілде тамақтан улану мен ішек инфекцияларының алдын алу үшін қажетті санитарлық ережелердің орындалуын сұраймыз.

1. Сатылатын өнімнің ассортиментін және тізбесін келісу;

2. Тез бұзылатын өнімдер мен дайын тағамдарды сату кезінде өнімді сақтау шарттарын сақтай отырып, тоңазыту жабдығының жеткілікті санын қамтамасыз ету;

3. Сатушылар мен қызмет көрсетуші персоналдың жеке медициналық кітапшаларының болуын қамтамасыз ету;

4. Өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуын қамтамасыз ету;

5. Сатушылар мен қызмет көрсетуші персоналдың жеке гигиенасын сақтау үшін жағдайлардың болуын қамтамасыз ету;

6. Персоналдың арнайы киімінің болуын қамтамасыз ету (жеткілікті мөлшерде));

Үй жағдайында дайындалатын өнімді (наурыз көже, айран) белгісіз жеткізушілер алынғанды өткізбеуге сенімді.

Персонал жеке гигиена ережелерін, ас блогында тазалық сақтауы тиіс. Тамақ өнімдерін термиялық өңдеу, сондай-ақ көкөністер мен жемістерді жууды Мұқият жүргізу қажет. Шикі және дайын өнімдерге арналған бөлшектеу мүкәммалын мақсаты бойынша пайдалануға, тағамдарды дайындау кезінде сапалы өнімдерді пайдалануға, бүлінбестен, дайын өнімдерден бөлек шикі өнімдерді сақтауға кеңес береміз.

Тағамдарды дайындаудан және үстелдерді тағамдармен жабдықтаудан кешікпей, қажетті температуралық режимді сақтай отырып, оларды сақтауды қамтамасыз етуді ұсынамыз. Дайын тағамдарды сақтау мерзімінің бұзылуына жол бермеңіз!