
Кез келген мейрамның тəтті торт пен кондитерлік тағамдарсыз өтпейтіні белгілі. Алайда олардың көп жағдайда ұшынудың себебі болып жататынын естен шығармаған жөн. Бұл жерде өндіріс технологиясының кінəсы жоқ. Дайындау барысында, одан кейін де гигиеналық жəне санитарлық нормалар, температуралық режим мен сақтау мерзімі қадағалануы тиіс. Тəтті тағам өндірушісі мен сатушысын таңдағанда осы мəселелерге баса назар аудару қажет. Əйтпесе мерекеңіздің берекесі кетері анық.