Дұрыс және пайдалы тамақтану

Дұрыс және пайдалы тамақтану

Адамдар қай кезде де дені сау болып, ұзақ өмір сүруге ұмтылған. Бұл мəселе қазіргі уақытта да өзектілігін жойған жоқ. Мамандар тіпті  дұрыс тамақтану пирамидасын ойлап тапқан. Оның негізінде дене жаттығулары мен суды жеткілікті мөлшерде пайдалану жатыр. Келесі қабат - тұтас дақылды азық-түліктер, жеміс-жидектер мен көкөністер, өсімдік майлары. Одан кейінгі сатыда балық, құс, жұмыртқа, жаңғақ орналасқан. Одан жоғары - сүт өнімдері. Ал ең басында сирек және аз мөлшерде қолданылатын май, тәттілер, ақ нан, жармалар, газды сусын және шұжық бар.