Балабақшалар мен мектептерде «Наурыз мейрамы» мерекесін өткізу кезінде балаларды уланудан қорғау туралы ата-аналарға жадынама

Балабақшалар мен мектептерде «Наурыз мейрамы» мерекесін өткізу кезінде балаларды уланудан қорғау туралы ата-аналарға жадынама

Ата-аналар мен білім беру объектілерінің басшыларына!

Баланың улануы – ата-ана тәжірибесінде жиі кездесетін жағдай.

Улану іштің ауыруы, жүректің айнуы, іштің өтуі, құсу, жалпы әлсіздікпен сипатталады және адам бозарады, анағұрлым маңызды симптомдары елегізу, ұйқышылдық, эмоциялық аяның өзгеруі болып табылады.

Наурыз мейрамы көктемгі жаңару символы, махаббат, достық мерекесі. Наурызды тойлағанда концерт қана болмайды, сонымен бірге әдетте әртүрлі тағамдар мол дайындалады – наурыз көже, бауырсақ, ет, қазы, шұжық, қуырдақ, жент және басқа да тез бұзылатын өнімдер, оларды ата-аналар балабақшалар мен мектептерге алып келеді.

Бұл жақсы, бірақ бұл ретте бала организмі үшін мұның барлығының жақпайтынын есте сақтау керек. Ең алдымен мол майлы тағам (бауырсақ, ет, қуырдақ, салаттар, әртүрлі самсалар), оған қоса тәттілер, крем қосылған тағамдар.

Әдетте ата-аналардың көбі бұл тағамдарды алдын ала үй жағдайларында түрлі жағдайда дайындайды және әрқашан оларды салқындату, сақтау және тасымалдау бойынша талаптарды сақтай бермейді. Осыған орай ішек таяқшасы, стафилококк, сальмонелла және т.б. сияқты микроорганизмдермен және олардың токсиндерімен тұқымдалу қаупі жоғары.

Өзіңізге артық проблеманы болдырмау үшін, Наурыз мейрамын тойлауды аурусыз өткізу және балалар улануының туындау ықтималдығын жоққа шығару үшін қарапайым, бірақ өте маңызды профилактика қағидаларын ұстанып, балабақшалар мен мектептерге үйде дайындалған тамақты әкелмеуіңіз керек.

Әр балабақша мен мектепте балалар үшін таңғы ас пен түскі асты дайындайтын ас блогы бар екенін ескеру керек және білім беру мекемелерінің әкімшіліктеріне ұлттық тағамдардың аз мөлшерін ұйымдастыру керек екенін ескертеміз.

Ас блогының әр қызметкері және диета мейіргері балалардың тұтынуына болатын ұлттық тағамдар тізбесін біледі.

Барлық тағамды бір күнде беру міндетті емес, апта бойы ас мәзіріне ұлттық тағамдарды қосуға болады, балаларға әр тағамның мәні мен маңызын түсіндіріп, мұның барлығын ертегі нысанында көрсетуге, балаларды осы процеске тартуға болады.

Тамақтан уланудың алдын алу мынадай сақтық шараларын орындау болып табылады:

* қолды сабынмен мұқият жуыңыз, балаларды дәретханадан кейін, серуеннен кейін, тамақтану алдында, қолмен лас затты ұстағаннан кейін немесе жануарды сипағаннан кейін қолдарын жууға үйретіңіз;

* көкөністер, жидектер мен жемістерді мұқият жуыңыз;

* ет және балық өнімдерін жақсы қуырыңыз, шикі етті кесуге арналған тақтайлар мен аспаптарды басқа өнімдерге пайдалану алдында жуыңыз;

* тағамды үстелде қалдырған кезде оны тарақандар мен шыбыннан қорғау үшін бетін жабыңыз,

* тағамды тоңазытқышта сақтаңыз,

* бактериялар 4,4-тен бастап 60 градус Цельсийге дейінгі температурада жылдам көбейеді. Тағамды 60 градус Цельсийден төмен емес температурада дайындаңыз және жылытыңыз,

* нитраттардың аз мөлшері бар өсімдіктердің бөліктерін пайдаланыңыз,

* көкөністер мен жемістерді екі сағат бойы суға батырып қойыңыз,

* дәмханада тамақ ішкенде сақ болыңыз.

Бала үшін уланудың ең жақсы профилактикасы – бұл ата-аналардың хабардар болуы мен қырағылығы екенін есте сақтаңыз.

Жағымсыз жағдайды болдырмау өз қолыңызда. Балаларыңызға көңіл аударыңыз, олармен пайдалы ақпаратпен бөлісіңіз, кез келген әрекеттің салдарлары туралы әңгімелеңіз. Олар саналы және хабардар болып өссін. Өзіңізді және балаларыңызды қорғаңыз! Деніңіз сау болсын!