Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде тамақтан уланудың болу мүмкіндігі туралы ескертеді

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде тамақтан уланудың болу мүмкіндігі туралы ескертеді

2019 жылғы 19 наурызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж.М. Бекшиннің қатысуымен Наурыз мейрамын мерекелеу алдында тамақтан уланулардың алдын алу бойынша брифинг өткізілді.

Наурыз мейрамы көктемгі жаңару символы, махаббат, достық мерекесі. Наурызды тойлағанда концерт қана болмайды, сонымен бірге әдетте әртүрлі тағамдар мол дайындалады – наурыз көже, бауырсақ, ет, қазы, шұжық, қуырдақ, жент және басқа да тез бұзылатын өнімдер.

«Бүгін біз сіздерді өкінішке орай жаппай қыдыратын орындарда немесе қонақта болғанда есімізден шығып кететін тамақтан улану мен ЖІИ-дің алдын алудың қарапайым ережелерін еске салу үшін жинап отырмыз»,- деді Бекшин.

Спикердің айтуынша ұзаққа созылған мейрамнан кейін жіті ішек инфекциялары, тамақтан улану себебінен жүгіну жағдайлары ұлғаяды.

Тамақтан улану (интоксикация) – ауқымды және кеңінен таралған аурулар тобы. Кез келген уланудың тікелей себептері – санитариялық нормаларды сақтамау немесе микроорганизмдердің белгілі бір түрімен ластанған немесе организм үшін уытты микробтық не микробтық емес заттар бар өнімдерді тамаққа тұтыну.

Атап айтсақ, статистикалық деректер бойынша 14-ші аптада (26 наурызға қарай) ЖІИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, әсіресе бұл көрсеткіш 14 жасқа дейінгі балалар арасында жоғары. Сондай-ақ тұрмыста тамақтан улану белгілері бар зардап шегушілер санының өсуі байқалады. Бұдан басқа топтық тамақтан улану, оның ішінде үй ошағына байланысты тұрмыстық улану жағдайлары тіркеледі.

Тамақтан улануға қатысты барынша қауіпті өнімдер тез бұзылатын өнімдер, оның ішінде салаттар (бірінші кезекте майонез немесе қаймақ қосылған), кремі бар кондитерлік бұйымдар, фарштан жасалған өнімдер (котлеттер, рулеттер, паштеттер), сілікпе және т.б..

Нашар жуылған жемістер, көкөністердің бетінде инфекциялық аурулар, оның ішінде вирустық инфекциялар қоздырғыштары қалып қоюы мүмкін. Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері ЖІИ мен ТТИ-дің пайда болу себептері туралы еске салып отыратын профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп отырады. Сондықтан жаппай қыдыратын орындарда:

- сауда дүкендері мен дүңгіршіктерден тыс жерде жеке адамдар сататын тамақ өнімін, әдетте наурыз көже және қымызды сатып алмауға тырысыңыз;

- дайын өнімнің, ет, тауық еті қосылып пісірілетін тағамның, кәуап, хот-дог, сэндвичтің сақталуына назар аударыңыз, олар тиісті температурада сақталуы, демек сауда орнында міндетті түрде болуы тиіс тоңазытқыштарда сақталуы тиіс;

- барлық өнім оралған болуы тиіс, қаптамаларында тағамның шығарылған күні, өндірістік кәсіпорын атауы көрсетіледі;

- сіз сатушылардың жеке медициналық кітапшаларын, өнімнің құжаттарын сұратуға, өзіңізге қандай кәсіпорынның қызмет көрсететін нақтылауға және егер наразылығыңыз болса, мәселені шешу үшін Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің немесе ІІД мамандарын шақыруға толық құқылысыз;

- егер суық жерден тыс сақталатынын көріп тұрсаңыз, кремді-кондитерлік өнімдерді сатып алмаңыз;

- бағасы төмендетілген тамақ өнімдері сатылғанда өнімнің сақталу мерзімін мұқият зерделеңіз, сатудың соңғы мерзіміне дейін 2-3 күн қалуы мүмкін.

Үйде асүйде тамақтан уланудың алдын алу.

Мереке күндері үйде тамақтан уланудың негізгі себептері жеке гигиена қағидаларын сақтамау, дайындау технологиясын, температуралық режимді, сақтау жағдайларын бұзу болып табылады. Сондықтан мерекелік үстелге тамақ дайындау кезінде оларды сақтау және тұтыну мерзімдерін сақтаңыз, шикі және дайын тағамның бірге сақталуына жол бермеңіз, тамақтан уланудың алдын алу шарасы тоңазытқышта өнімдерді дұрыс орналастыру болуы тиіс: дайын тағамдар тығыз жабылған ыдыстарда және шикі өнімдерден (ет, балық, көкөністер мен жемістер) алыс орналастырылуы тиіс.

Құс етінен дайындалған дайын тағамдар, жұмыртқа қосылған тағамдар, майонез немесе қаймақ қосылған салаттар, кремі бар кондитерлік өнімдер (торттар, тәтті нандар) анағұрлым үлкен қауіп төндіреді. Белгісіз өндірушіден үйде дайындалған өнімдерді (наурыз көже, айран) сатып алмау керек екенін есте сақтаған дұрыс.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында инфекциялық аурулар мен тамақтан уланудың алдын алу.

Әдетте мереке күндері қоғамдық тамақтану және сауда объектілері аспаздық, кремді кондитерлік өнімдерді көп мөлшерде дайындайды. Бұл күндері сақтау және сату мерзімдері қысқа болатын әртүрлі салаттарға, ет және балық дәмтағамдарына, ет сілікпесіне, ет құймасына, құс етінен дайындалған тағамдарға және т.б. қажеттілік артады. Осыған байланысты тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуына, оларды сату және сақтау жағдайларына назар аудару қажет.

Кәсіпкерлердің өздері:

1. Комитеттің аумақтық бөлімшесімен сатылатын өнімнің ассортименті мен тізбесін келісуі;

2. Өнімді сақтау жағдайларын орындап, тез бұзылатын өнімдер мен дайын тағамдарды сатқан кезде тоңазыту жабдығының жеткілікті санының болуын қамтамасыз етуі;

3. Сатушылар мен қызмет көрсететін персоналдың жеке медициналық кітапшаларының болуын қамтамасыз етуі;

4. Өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуын қамтамасыз етуі;

5. Сатушылар мен қызмет көрсететін персоналдың жеке гигиенаны сақтауы үшін жағдайдың болуын қамтамасыз етуі;

6. персоналдың арнайы киімінің (жеткілікті көлемде) болуын қамтамасыз етуі қажет.

Персонал жеке гигиена қағидаларын, ас блогында тазалықты сақтауы тиіс. Тамақ өнімдерін термиялық өңдеуді, сондай-ақ көкөністер мен жемістерді жууды мұқият жүргізу қажет.

Тағамдарды іс-шара басталардан көп уақыт бұрын дайындамауды және оларды үстелге қоймауды және оларды қажетті температуралық режимді орындап сақтауды қамтамасыз етуді ұсынамыз. Дайын тағамдарды сақтау мерзімінің бұзылуына жол бермеңіз!

Сондай-ақ ата-аналар мен білім беру объектілері басшыларының назарына!

Баланың улануы – ата-ана тәжірибесінде жиі кездесетін жағдай.

Улану іштің ауыруы, жүректің айнуы, іштің өтуі, құсу, жалпы әлсіздікпен сипатталады және адам бозарады, анағұрлым маңызды симптомдары елегізу, ұйқышылдық, эмоциялық аяның өзгеруі болып табылады.

Бұл жақсы, бірақ бұл ретте бала организмі үшін мұның барлығының жақпайтынын есте сақтау керек. Ең алдымен мол майлы тағам (бауырсақ, ет, қуырдақ, салаттар, әртүрлі самсалар), оған қоса тәттілер, крем қосылған тағамдар. Әдетте ата-аналардың көбі бұл тағамдарды алдын ала үй жағдайларында түрлі жағдайда дайындайды және әрқашан оларды салқындату, сақтау және тасымалдау бойынша талаптарды сақтай бермейді. Осыған орай ішек таяқшасы, стафилококк, сальмонелла және т.б. сияқты микроорганизмдермен және олардың токсиндерімен тұқымдалу қаупі жоғары.

Өзіңізге артық проблеманы болдырмау үшін, Наурыз мейрамын тойлауды аурусыз өткізу және балалар улануының туындау ықтималдығын жоққа шығару үшін қарапайым, бірақ өте маңызды профилактика қағидаларын ұстанып, балабақшалар мен мектептерге үйде дайындалған тамақты әкелмегеніңіз дұрыс.

Әр балабақша мен мектепте балалар үшін таңғы ас пен түскі асты дайындайтын ас блогы бар екенін атап өту керек және білім беру мекемелерінің әкімшіліктеріне ұлттық тағамдардың аз мөлшерін ұйымдастыру керек екенін ескертеміз. Ас блогының әр қызметкері және диета мейіргері балалардың тұтынуына болатын ұлттық тағамдар тізбесін біледі.

Бала үшін уланудың ең жақсы профилактикасы – бұл ата-аналардың хабардар болуы мен қырағылығы екенін есте сақтаңыз.

Жағымсыз жағдайды болдырмау өз қолыңызда. Балаларыңызға көңіл бөліңіз, олармен пайдалы ақпаратпен бөлісіңіз, кез келген әрекеттің салдарлары туралы әңгімелеңіз. Олар саналы және хабардар болып өссін. Өзіңізді және балаларыңызды қорғаңыз! Деніңіз сау болсын!