
Республикада ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Сырқаттану маусымдық деңгейде, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 13 %-ға төмендеген.
Тұмау және басқа тұмау тәріздес инфекциялар вирустардың айналымына және сырқаттануына жүргізіліп отырған мониторингке сәйкес республикада А тұмауы вирусының ішінара тіркелуі және тұмауға жатпайтын респираторлық вирустардың (парагрипп, риновирус, аденовирус және басқалар) айналымда болуы байқалады. Бақылаулы деңгейден жоғары болуы байқалмаған, ЖРВИ-мен ауырған адамдардың негізгі бөлігін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды (65 %).
Эпидемияға дейіңгі кезеңде тұмауға қарсы республика халқының 11,3 %-ы егілді (ДДСҰ ұсынысы – 10 % кем емес), оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар - 28 %, ересектер - 72 %. Вакцинациядан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.
Әлемдегі жағдай. Солтүстік жартышар елдерде тұмау мен ЖРВИ сырқаттанудың маусымдық өсуі сақталды, көбіне тұмаудың А(Н1N1)pdm09 және А(Н3) вирустары анықталды.
Еуропада: 13 елде тұмау мен ЖРВИ–мен сырқаттану деңгейі орташа және 24 елде төмен деңгейі тіркелді. Францияда эпидмаусымнан бастап тұмаумен байланысты 7200 жуық өлім жағдайлары тіркелді.
Ресей Федерацияда ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың эпид. шегінен жоғары болған аумақтарының саны азайды. ЖРВИ және тұмау сырқаттануы апталық эпидемиялық шектен жоғары болуы Ресей федерациясының 2 субъектіде тіркелген. Есепті аптада 8,8 мың адам зертханалы тексерілді.Оң нәтижелердің тұмау вирустары 57,7% құрады. Айналымда болып жатқан респираторлы вирустардың ішінен А түрі тұмау вирусының, оның ішінен A(H1N1)09 тұмаудың саны көбейіп жатыр. Тұмау емес этиологиялы респираторлы вирустардың айналымда белсенді болуы жалғалуда (парагрипп, аденовирустар, РС-вирустар және басқалар), бірақ олардың саны оң нәтижелер құрылымда 42,3% құрайды.
АҚШ-та тұмау және ЖРВИ –дің сырқаттану деңгейінің көтерілуі тіркелді, медициналық көмекке жүгіну жиілігі – 4,4 %, бұл шектік деңгейінен жоғары (2,2%). 26 штатта тұмау және ЖРВИ –дің сырқаттанудың деңгейі жоғары.
Батыс Азия елдерінде (Катар, Иордания, Ливан, Кувейт, Саудовская Аравия) тұмаудың спорадиялық таралуы байқалды, көбіне тұмаудың А(Н1N1)pdm09 және В вирустары анықталған. Шығыс Азия елдерінде (Қитай, Корей республикасы) көбіне тұмаудың А(Н3) және В вирустары анықталған. Азияның Оңтүстік аумағында (Афганистан, Үнді, Иран, Непал) тұмаудың аумақтық және спорадиялық таралуы байқалған, көбіне тұмаудың А(Н1N1)pdm09 және А(Н3) вирустары кездесті.
Тұмау және ЖРВИ-дің профилактикасы организмнің өзіндік қорғаныш күшін нығайтуға бағытталған және вакцинациялаумен қатар жүргізіледі.
Ерекше емес қорғау ретінде иммунитетті түзетуші препараттар (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы), вирусқа қарсы жақпамайлар (оксалин, антивир және т.б.), поливитаминдер қолданылады.
Сондай-ақ ЖРВИ-мен ауыратын адамдармен қарым-қатынасты болдырмау, науқас адамдармен қарым-қатынаста болған кезде бетперде кию, қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы заттармен (құрамында спирт бар ерітінділер) жуу, жөтелгенде және түшкіргенде бір рет пайдаланылатын орамалдар немесе сулықтарды пайдаланып, мұрын және ауызды жабу, көзді, мұрын және ауызды лас қолмен ұстамау, адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу (ойын-сауық және спорт іс-шаралары, жиналыстар, кездесулер және т.б.), үй-жайды тұрақты желдету, салауатты өмір салтын ұстану (толыққанды ұйықтау, таза ауа, белсенді демалыс, дәрумендерге бай құнарлы тамақтану) қажет.
Организмді шынықтыру қажет: тамақты салқын сумен шаюдан бастап контрасты себезгі және бассейнге түсуге дейін.
Науқас адам үйде болған жағдайда оны оқшаулауды қамтамасыз ету, науқас және сау адамдар да бетпердені пайдалануы қажет.
Қоғамдық көлікте, дәрігерге кезекте тұрғанда инфекцияның таралуын болдырмау үшін дәрігерді үйге шақырту қажет.
Сапарға шықан уақытта немесе одан оралған кезде денсаулық жағдайы нашарлағанда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.