
Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті азық-түлік өнімдерінің нормативті-құқықтық актілерге сəйкестігін тексеру мақсатында зертханалық зерттеу жүргізіп отырады. Соңғы 10 жылда зертханаға жаңа зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін дəлдігі жоғары құрылғылар сатып алынды. Бүгінде генетикалық түрлендірілген ағзаларды, жануарлардың ДНҚ-сын, бояғыштарды, антибиотиктерді, пестицидтерді, гормондық препараттарды және т.б. анықтауға мүмкіндік бар. Зертханалар жыл сайын қажетті құралдармен жабдықталып отырады. Ондағы қызметкерлер кəсіби біліктіліктерін жетілдіріп, зерттеудің жаңа əдістерін енгізіп отырады.