
Алыс-жақын шетелдерде демалу керемет болғанымен, қауіпсіздік шараларын естен шығармаған жөн. Қарапайым ғана ережелер үлкен қауіптің алдын алады. Егер сіз тропикалық елдерге сапар шексеңіз, алдын ала екпе алу артық болмайды. Ал сол ел-дерге жеткен соң, жеке бастың гигиенасына көңіл аударыңыз: көкөністер мен жемістерді мұқият жуыңыз, тек тазартылған су ішіңіз, барлық сақтық шараларын назардан тыс қал-дырмаңыз. Тамақты талапқа сай келетін орыннан ішіңіз. Сонда ғана демалысыңыз сізге шын мəнінде әсерлі сәттер сыйлайтын болады.