
Адам денсаулығы – басты құндылықтардың бірі. Адамның ұзақ та бақытты өмір сүруі осы факторға тікелей байланысты. Ал сіз қозғалыстың аз болуы бірталай кеселге шалдықтыратынын білесіз бе? Ең алдымен жүрек-қан тамыр және тірек-бұлшық ет жүйесі зардап шегеді. Және аз қозғалыстың салдары мұнымен шектелмек емес. Керісінше, сіз күн сайын аз уақыт болса да дене жаттығуларын жасайтын болсаңыз, денсаулығыңызды ғана емес, көңіл-күйіңізді де жақсартасыз.