
2019 жылғы 4 сәуірде Түркістан қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Б.Т. Төкежановтың төрағалығымен Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменттерінің басшылары, олардың орынбасарлары, аудандық басқарма басшылары, бөлім басшылары мен мамандарына және көліктегі Түркістан, Жамбыл, Қызылорда бөлімшелік басқармаларының басшыларына мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдеп нормаларын көтеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері бойынша көшпелі семинар-кеңес өткізілді.
ҚР 2017 жылы -14 сыбайлас жемқорлық жағдайы тіркелген, 2018 жылы 8 жағдай. Семинар-кеңесте ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Төрағасы Ж.М.Бекшин баяндама жасады. Баяндамасында Комитет Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны, «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын, Министрліктің және Комитеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізіп отыратындығын атап өтті.
Осылайынша, 2017 жылдан бастап 66 санитариялық қағидаға ревизия жүргізіліп, ескірген 29 санитариялық қағиданың күші жойылды, 34 Санитариялық қағидаларындағы артық талаптар алынып тасталды, бұл былтырғы жылмен салыстарғанда рұқсат беру құжаттарының санын 6%-ға, ақпараттық құрал-саймандардың санын 68%-ға қысқартуға мүмкіндік берді;
- Комитет Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен бірлесіп объектілерді тексеруді оңтайландыру мәселелері бойынша ТБТ (Тексерулердің бірыңғай тізілімімен) интеграциялау жұмысын жалғастыруда.
- Комитет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум түзген, оның. мақсаты Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын ілгерілетуге және іске асыруға бағытталған бірлескен және келісілген іс-қимылды дайындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру;
- Комитеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілді, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жаднамасы әзірленді;
Жоғарыда аталған іс-шаралар Комитеттің және оның аумақтық бөлімдерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал етеді.