Қауіпті ойыншықтар

Қауіпті ойыншықтар

Əр ата-ана баласы үшін ең жақсысын алып беруден аянбайды. Бұл, əсіресе, ойыншыққа қатысты. Алайда сатып алған ойыншығыңыздың балаңызға дос емес, қас болып шығатынын ұмытпаңыз. Мұндай жағдайды болдырмас үшін ойыншықты арнайы дүкендерден сатып алғаныңыз дұрыс. Ойыншықтың жағымсыз иісі, үшкір қырлары болмауы тиіс. Бояуының са-пасын тексеріңіз. Міндетті түрде баланың жасына сай ойыншық сатып алыңыз. Сатушыдан сəйкестік сертификатын талап етіңіз. Осылайша тауардың сапасына көз жеткізген жағдайда ғана балаңызды қуантуға болады. Балаларыңыз аман-сау әрі бақытты болсын!