Бор қышқылы адам денсаулығына қауіп тігізетіне қатысты келіп түскен ақпаратқа және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМҚ «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мониторинг ғылыми практиқалық орталығы» филиалы «Бор қышқылы» дезинфекциалық құралына бұрын берілген ғылыми есептерін қайтарып алуға байланысты, Комитет 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 84-НҚ, № 85-НҚ, № 86-НҚ және 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 91-НҚ «Рұқсат беру құжатының қолданылуын тоқтата тұру туралы» бұйрықтарына сәйкес, 3 ай мерзімге келесі мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің тоқтата тұрылғаны туралы хабарлайды:
- Дайындаушысы: «ФП «Мелиген» ЖАҚ, 188676, Ленинград облысы, Всеволожский ауданы, Щеглово ауылы, 53-а үй, Ресей Федерациясы, «Бор қышқылы (тері антисептигі)» дезинфекциялық құралының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № KZ.16.01.98.002.Е.000221.04.18 мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;
- Дайындаушысы: «Рускерн» ЖШҚ, 107214, Мәскеу қ., Черницынский өткелі, 3-үй, 2-құрылыс, 1-үй-жай, 36-бөлме, Ресей Федерациясы, «Ұнтақ бор қышқылы» дезинфекциялық құралының (тері антисептигі) 2017 жылғы 3 тамыздағы №KZ.16.01.98.002.Е.000620.08.17 мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;
- Дайындаушысы: «ФЛОРА КАВКАЗА» ААҚ, 369260, Қарашай-Шеркес Республикасы, Урупский ауданы, Преградная станицасы, Подгорная көшесі, 62-а үй, Ресей Федерациясы. Нақты мекен-жайы: 369260, Қарашай-Шеркес Республикасы, Урупский ауданы, Преградная станицасы, Подгорная көшесі, 62-а үй, Ресей Федерациясы. 369200, Қарашай-Шеркес Республикасы, Карачаевск қ., Заводской тұйық көшесі, 2-үй, Ресей Федерациясы, «Бор қышқылы» дезинфекциялық құралының (тері антисептигі) 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №KZ.16.01.98.002.Е.001008.12.17 мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;
- Дайындаушысы: «Самарская фармацевтическая фабрика» ЖШҚ, Самара қаласы, Победа көшесі, 105, Ресей Федерациясы, «Бор қышқылы, ұңтақ» (тері антисептигі) дезинфекциялық құралының рұқсат беру құжаты - 2013 жылғы 24 қыркүйектегі №KZ.16.01.99.002.Е.002682.09.13 мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі.