
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылы 2 мамырдағы № ҚР ДСМ-59 бұйрығы бекітілді, оны енгізу бойынша құзырет халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органға заңнамалық деңгейде бекітілді.
Осыған байланысты, өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде анықталған, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қауіп төндіретін өнімдер туралы тұтынушыларды хабардар ету мақсатында ай сайынғы негізде сәйкес келмейтін өнімдер тізілімі орналастырылатын болады.
Тізілімдегі мәліметтер барлық мүдделі тұлғалар үшін ашық және қолжетімді болады. Тізілімде өнімнің түрі мен атауы, партияның (серияның) нөмірі, дайындалған күні, өнімнің жарамдылық мерзімі, өндірушісі (өнім берушісі) және өнімді іріктеу орны, бұзушылық түрлері сияқты мәліметтер, өнімнің сәйкестігін растайтын құжаттар жөніндегі ақпарат болады.
Көрсетілген тізілім денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында ай сайынғы негізде орналастырылып, өзектендірілетін болады.