
Республикамыздың барлық өңірлерінде қызылшаның тіркелуі байқалады, соңғы аптада Нұрсұлтан қаласында және Маңғыстау облысында сәйкесінше қызылшаның 48 және 38 жағдайы тіркелген эпидемиялық қолайсыз жағдай байқалады.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін қызылшаның расталған 7560 жағдайы тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 5339 жағдай (70,6%). Сырқаттанушылық көбінесе егілмеген балалар арасында тіркелген, ол 61,6%-ды құрайды.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ошақтарда байланыста болған адамдарды иммунизациялау жүргізіледі, бүгінгі күні 14794 адам вакцина алды.
Бұдан басқа, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 9-10 айлық балалар мен медицина қызметкерлеріне қызылшаға қарсы қосымша вакцинация басталды; 66 618 (егілуге жатқызылғандар санының ішінде 86,2%) және (егілуге жатқызылғандар санының ішінде 97%) 65 263 медицина қызметкері егілді.
Қосымша вакцинацияның арқасында сәуір айында қызылшамен сырқаттанушылық наурыз айымен салыстырғанда 17,3%-ға төмендеді (1984-дан 1639 жағдайға дейін).
Еуропа өңірі елдерінде де қызылшамен сырқаттанушылықтың тіркелуі жалғасып жатқанын атап айту керек, ол жерде 2018 жылы 72 өлім-жітімен аяқталған қызылшаның 82 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Ағымдағы жылы тек Украинада 49 мыңнан астам жағдай тіркелген, оның 17-і өліммен аяқталған.
Еуропада қызылшамын сырқаттанушылықтың өсуін ДДҰ-ы қызылшаға қарсы вакцинацияның аз қамтылуымен байланыстырып отыр.
Қызылша – дене қызуының жоғарылауымен, жөтел, мұрын, тамақтың ауруы және бөртпелер сияқты катаральды құбылыстармен сипатталатын вирустық табиғаттың жіті инфекциялық ауруы.
Қызылшаның белгілері:
Негізгі белгілері: бас бөлігінен бастап дененің төменгі бөлігіне және аяққа дейін; дененің барлық бөлігіне таралатын ақ (ұнтақ жарманың жиналуы сияқты) бөртпелер және ауыз қуысындағы қызыл дақтар.
Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және ауыр қосымша аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ.
Қызылшадан ең жалғыз тиімді қорғану вакцинация болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы вакцинациялау екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. Вакцинациялау үшін қызамыққа және паротитке (ККП) қарсы компонентпен біріктірілген қызылшаға қарсы қауіпсіз және тиімді вакцина айдаланылады. Елде ККП жеткілікті көлемі бар.
Халыққа берілетін ұсынымдар:
- ата-аналар баласының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеруі, вакцинация болмаған жағдайда – қызылшаға қарсы профилактикалық егуді алу;
- қызылшаға қарсы әр түрлі себептермен егілмеген балалардың ата-аналары балаларының әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуын, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруын шектеуі;
- катаральды құбылыстармен (дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) және бөртпесі бар аурудың алғашқы симптомдары пайда болғанда дәрігерге барып, қызылша ауруына тексеруден өтіп, оның барлық нұсқауларын орындауы қажет.