ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдар басшылары кеңесінің отырысы

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдар басшылары кеңесінің отырысы

              Бүгін бейнеконференц-байланыс режимінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдар басшылары кеңесінің отырысы өтті, оған денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов қатысты.

Отырыста келесі мәселелер талқыланды:

Денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру;

Еуразиялық экономикалық одақ азаматтарының коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың мәліметтері мен құжаттарын өзара мойындау;

ЕАЭО елдеріндегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай.

             Өзара талқылау нәтижесінде ЕАЭО елдері арасында COVID-19 -ға қарсы және эпидемияның алдын алу шараларын көздейтін Денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы іс-шаралардың кешенді жоспарын орындауды жалғастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

            Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ азаматтарының COVID -19-ға қарсы вакцинациялау мәліметтері мен құжаттарын, оның ішінде "COVID-19-сыз саяхаттаймын" мобильді қосымшасының параметрлерін кеңейту мүмкіндігін қарастыру қажеттілігі айтылды.