Мегаполисте 60%-дық иммундық қабат коронавирустық инфекцияны жеңу үшін жеткіліксіз

Мегаполисте 60%-дық иммундық қабат коронавирустық инфекцияны жеңу үшін жеткіліксіз

             Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлаумен сипатталады. 12 қаңтардан бастап Алматы қаласы өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта орналасқан, осыған байланысты Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.01.2022 жылғы №1 қаулысына сәйкес бірқатар қатаңдатулар енгізілді.

            Өткен тәулікте Алматы қаласы бойынша КВИ-дің 1 578 жағдайы тіркелді, инфекцияның берілу индексі 1,8 есеге артты. Эпидемияның тағы бір толқыны Жаңа жылдық мерекелер мен ағымдағы жылдың қаңтар айының басындағы белгілі оқиғалардан кейін басталды және «омикрон» штамына байланысты.

            Мегаполисте коронавирусқа қарсы иммундаудың барлық кезеңінде 01.02.2021ж. - 16.01.2022 жыл аралығында I-ші компонентпен - 1 087 001 (82,8%) тұрғын вакцинацияланды, толық курстан- 1 040 810 (79,3%) адам өтті. Қазіргі уақытта қаладағы иммундық қабат шамамен 60,3% құрайды, бұл қаладағы коронавирустық инфекцияны жеңу үшін жеткіліксіз.

            2021 жылғы 22 қарашада Алматы қаласында COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация науқаны басталды. Қазіргі кезде ревакцинация жасау үшін QazVac», «Sinopharm», «Hayat-Vax», «CoronaVac», «Comirnaty» (Pfizer, США) инактивтендірілген вакциналары қолжетімді. Бүгін Алматы қаласында КВИ-ға қарсы 83 815  адамның иммундық жүйесі күшейтілді. Бұдан басқа, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.01.2022 ж. № 2 қаулысына сәйкес «Comirnaty» (Pfizer, АҚШ) препаратымен КВИ-ға қарсы ревакцинацияға тек жүкті әйелдер, баласы 2 жасқа толғанға дейін лактация кезеңіндегі әйелдер (босанғаннан кейін 42 күн өткен соң) жатады. Сондай-ақ медицина қызметкерлеріне, 60 асқан қарт кісілерге КВИ-ға қарсы ревакцинация жүргізуге жол беріледі және де осы санаттағы адамдарға ревакцинация тегін негізде жүргізіледі. Аталған санатқа кірмеген тұлғаларды ақылы қайта вакцинациялау қазіргі уақытта елімізде жүргізілмейді және бұл мәселе қазіргі уақытта ҚР бойынша тұтастай қарастырылмайды.

             Жетекші әлемдік ғалымдар мен сарапшылардың деректері бойынша, қолданыстағы вакциналармен ревакцинация «омикрон» штамымен инфекция кезінде асқынған және өлім жағдайларына жеткізбей, ауруханаға жатқызуға 70% - ға қорғайды. Сондықтан, вакцинацияланбаған азаматтарды вакцинациялау, ал екпе алған адамдар екінші компонентті алғаннан кейін, 6 айдан соң, ревакцинация жасау керек.

             Естеріңізге сала кетейік, қалалық емханаларда жүкті әйелдерге (жүктіліктің 16-дан 37-ші аптасына дейін), 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерге және бала емізулі аналарға (босанғаннан соң 42 күннен кейін) COVID-19 -ға қарсы «Pfizer» компаниясының «Comirnaty» екпесін салу да жүргізіліп жатыр. Бүгін Алматы қаласында күн сайын 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. Қалада «Comirnaty» (Pfizer, АҚШ) препаратының алғашқы дозасын 33 510 адам алды, оның ішінде: 6 908 бала емізетін ана, 1 842 жүкті әйел және 12 жастан 17 жасқа дейінгі 24 760 жасөспірім.

            Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті барлық тұрғындарды азаматтық жауапкершілікті танытуға шақырады: әлеуметтік қашықтық және бетперде режимін қатаң сақтауға, адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы вакцинация және ревакцинация туралы мәселені кейінге қалдырмау. Тек ұжымдық иммунитет бізге коронавирустық инфекцияны жеңуге көмектеседі, бұл шектеулерді біртіндеп алып тастап, әдеттегі өмірге оралуға әкеледі.