
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 2022 ж. 13 қаңтардан бастап Ақтөбе облысы «қызыл» аймаққа көшті. КВИ-дың жаңа жағдайларын тіркеуде күнделікті өсу байқалады. Мәселен, соңғы 5-6 күнде (осы жылдың 11 қаңтарынан бастап) ауру саны күніне 75-тен 300-ге дейін өсті.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 36 070 жағдай тіркелді, оның ішінде 76%-ы ауру белгілерімен 27 412 және 24% симптомсыз 8 658 жағдай. 34 584 (94,5%) науқас жазылып шықты.
2022 жылғы 16-қантарында бір тәулікте КВИ-мен ауырған 285 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру симптомдары бар – 167 (Ақтөбе қаласы – 99, Алға ауданы -17, Байғанин ауданы – 1, Қобда ауданы – 4, Мәртөк ауданы – 7, Мұғалжар ауданы -18, Темір ауданы -7, Ойыл ауданы – 6, Хромтау ауданы – 1, Шалқар ауданы -7), симптомсыз – 118 (Ақтөбе қаласы – 70, Алға ауданы –12, Әйтекеби ауданы – 1, Байғанин ауданы-10, Қарғалы ауданы – 2, Муғалжар ауданы – 9, Темір ауданы – 6, Шалқар ауданы -3, Хромтау ауданы-5).
Қазіргі таңда үй карантиніне 2 575 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін вакцинацияның маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Вакцинацияның маңыздылығын атап өту керек, әсіресе «Омикрон» жаңа штаммы айналымда жүргенде. Ол «Дельта» штамына қарағанда 5 есе жоғары және 70 есе тез көбейеді.
Барлық тұрғындарды өз денсаулығына және жақындарының денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарауды сұраймыз,профилактикалық және карантиндік қауіпсіздік шараларын сақтап.
Жалпы облыс бойынша 380 256 адам КВИ-ға қарсы вакцинаның 1-ші құрамдас бөлігімен, 2-ші құрамдас бөлігімен 355 122 адам қамтылды. Қайта вакцинацияланған 37 984 адамдар.
Сондай-ақ, 12 жастан 17 жасқа дейінгі, соның ішінде «Pfizer» препаратымен COVID-19-ға қарсы жасөспірімдерді, сондай-ақ жүктілік мерзімі 16-37 апталық жүкті әйелдерді және лактация кезеңіндегі әйелдерді Комирнати вакцинасымен КВИ-ға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Жалпы облыс бойынша 1-ші құрамдас бөлігімен 83 281 адам, 2-ші құрамдас бөлігімен 43 722 адам егілген.