
ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Түркістан облысының Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты қабылданған шаралар туралы және эпидемиологиялық жағдайға қатысты Түркістан облысындағы және Шымкент қаласындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін хабарлайды.
Облыстың сегіз ауданында 22 көшіру пункті ұйымдастырылды, ол жерде зертханалық қызмет мамандары санитариялық қағидалардың талаптары бойынша тамақ өнімдерінің, ауыз судың сапасын үнемі тексеріп отырады, сондай-ақ көшірілген адамдар тұратын объектілердің санитариялық жағдайына үнемі бақылау жүргізеді.
Облыстық дезинфекция орталығы көшіру пункттерінде дезинфекция жұмыстарын жүргізу бойынша 42 адамнан тұратын 20 бригада жасақтады, олардың күшімен барлық дәретханалар өңделді, барлық ас блоктарында асхана ыдыстарына өңдеу жүргізілді.
Сондай-ақ, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуінің алдын алу бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында Түркістан облысына Ұлттық сараптама орталығының, Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығының, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының, 16 аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері мен 9 обаға қарсы күрес станциясының 100-ге жуық бейінді маманы жіберілді.