Комитет прокуратурамен бірлесіп Қазақстанның транспланттау орталықтарына тексеру жүргізді

Комитет прокуратурамен бірлесіп Қазақстанның транспланттау орталықтарына тексеру жүргізді

Бүкіл әлемде адамның донорлық ағзаларын ауыстырып салумен  байланысты транспланттауды адамның донорлық ағзаларын транспланттау және олардың айналымы саласында криминалдануына жол бермеу мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бақылайды.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ағзаларды транспланттауды орындау үшін денсаулық сақтау субъектісі мынадай екі өлшемшартқа сәйкес болуы тиіс: транспланттау бойынша лицензиясының болуы және транспланттауды жүргізуге рұқсат етілген медициналық ұйымдардың тізбесіне енуі тиіс.

Осылайша, 2018 жылғы 1 қарашадан бастап Комитет ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп республикамыздың транспланттаумен айналысатын медициналық ұйымдарының қызметін ағзаларды транспланттау бойынша нормативтік құқықтық актілердің нормалары мен талаптарының сақталуы мәніне тексерді.

Тексеру қорытындысы бойынша жекелеген медициналық ұйымдарда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің талаптарын бұзушылықтар, тәртіпті сақтамау, стандарттарды сақтамау және сапасыз медициналық көмек көрсету бойынша бұзушылықтар анықталды. Бұдан басқа, заңсыз медициналық қызмет анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік айыппұл салынды, транспланттау  бойынша лицензиясынан айыру туралы бастамашылықпен сотқа жекелеген фактілер бойынша материалдар жіберілді, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілді.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдау мақсатында барлық тексеру материалдары құқық қорғау органдарына берілді.

Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.